Алматыда қиын жағдайға тап болған студенттерге арналған дағдарыс орталығы ашылды

Алматыда қиын жағдайға тап болған студенттерге арналған дағдарыс орталығы ашылды Алматы әкімдігі

Еліміздің түкпір-түкпірінен арман қуып мегаполиске келген жас талапкерлер үшін ең өзекті мәселенің бірі – баспана. Осы орайда, М.Тыныш­баев атындағы ALT университетінің №4 студенттер үйінде жаңа Дағдарыс орталығының ресми ашылуы өтті.

Жастардың әлеуметтік бейімделуіне арналған қолдау алаңы 

Бұл бастама Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауы­мен жүзеге асырылып отыр. Жаңа орта­лықтың басты мақсаты – қиын жағдайға тап болған студенттерге уақытша баспана беру, әлеуметтік қолдау көрсету және олардың қауіпсіз ортада білімін жалғасты­руына жағдай жасау. Бес қабатты ғима­ратта орналасқан орталықта студент­тердің тұрмыс-тіршілігіне қажетті барлық жағдай қарастырылған. Әр бөлмеде жеке санитарлық бөлме мен ыңғайлы төсек- орын бар.

Сонымен қатар, медициналық көмек көрсететін пункт, ас әзірлеуге ар­налған арнайы бөлме және демалыс ай­мақтары жабдықталған. Мұнда 50 орын дайындалған. Жобаның ерекшелігі – ор­талық тек уақытша баспана ғана емес, студенттердің әлеуметтік бейімделуіне арналған қолдау алаңы болмақ. Мегапо­лиске жаңадан келген жастар тұрақты жатақхана немесе пәтер тапқанша осы жерде тұра алады.

ALT университетінің базасында мұндай бастама бұған дейін де жүзеге асқан болатын. Соңғы үш жылда ондаған студент осындай орталық арқылы баспанамен қамтылып, алғашқы күн­деріндегі қиындықты еңсерген. Жаңа ны­санның ашылуы оның мүмкіндігін ке­ңейтіп, әлдеқайда көбірек студентке қолдау көрсетуге жол ашады. Дағдарыс орталығының ашылуы – жастарға жасал­ған нақты қамқорлықтың айқын көрінісі. Бұл бастама олардың үлкен қалаға бейім­делуін жеңілдетіп қана қоймай, білімін үзбей жалғастыруына мүмкіндік береді.

• Алматыда студенттерге арналған жаңа Дағдарыс орталығының ашылуы – жастарға деген мемле­кеттік қолдаудың тағы бір жарқын қадамы болып отыр.

Ақерке АБЫЛАЙХАН, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі комитет төрағасының орынбасары:

НАҚТЫ КӨМЕК ҮЛГІСІ

Бүгін ашылып жатқан дағдарыс орталығы – жастарға нақты көмек көрсетудің үлгісі. Сонымен қатар, Алматы қаласында студенттерге орын тап­шылығы мәселесі бар екенін де жасырмаймыз. Жалпы Қазақстан бойынша жатақханаға деген сұраныс шешілгенімен, Алматыда тапшылық сақ­талады деп болжап отырмыз. Мысалы, өткен жыл­мен салыстырғанда Алматыдағы ЖОО-ларды таңдаған түлектердің саны 1600-ге артқан. Был­тыр 44 мың түлек бітірсе, биыл 55 мың түлек тә­мамдады. Бұл – студенттер саны жылдан-жылға өсіп келе жатқанын көрсетеді. Сараптамаға сәй­кес, Алматыда шамамен 8 мың орын жетіспеуі мүмкін. Бұл дегеніміз, студенттер далада қалады деген сөз емес. Жоғары оқу орындары жеке­меншік қонақүйлер мен хостелдармен келісім- шарт жасасып, студенттерді сол жерге орналасты­рады. Сонымен қатар, жатақханаға бірінші кезекте әлеуметтік осал топтарға жататын жастар (жетім балалар, көпбалалы отбасынан шыққандар, қан­дастар) және бірінші курс студенттері орналасты­рылады. Себебі, үлкен қалаға ауылдан келген жастарға ең әуелі қолдау қажет.

Меруерт ЖАРМАҒАНБЕТОВА, Мұхамеджан Тынышбаев атындағы ALT университетінің президент-ректоры:

ТАПТЫРМАС МҮМКІНДІК

Біз үшін студенттердің қауіпсіздігі мен жағдайы – басты назарда. Бұл орталықты үшінші жыл қатарынан ұйымдастырып келеміз. Жаңа оқу жылы қарсаңында еліміздің түкпір- түкпірінен жастар Алматыға келеді. Әсіресе, алғашқы күндері олардың қайда тұратыны ата-аналар үшін де, өздері үшін де үлкен уайым. Орта­лықтың негізгі міндеті – студенттерді уақытша тегін орналастыру. Олар тәуліктің кез келген уақытында – түн­де, таңертең немесе кешкісін келе алады. Бастысы, қиналған сәтте олар жалғыз қалмайды. Бізде шамамен 55 орын қарастырылған. Мұнда Ал­матыдағы кез келген студент орна­ласа алады, қай университеттің сту­дент і екен і маңызды емес . Студенттер бұл жерде тұрақты пәтер тапқанша немесе жатақханаға орна­ласқанша уақытша тұрады.

Әзиз ҚАЖДЕНБЕК, Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы:

СТУДЕНТТЕРДІ БАСПАНАМЕН ҚАМТУ – ЕРЕКШЕ БАҚЫЛАУДА

Қала әкімі Дархан Аман­гелдіұлы студенттерді жатақхана­мен қамту мәселесін ерекше ба­қылауда ұстап отыр. Жақында министрмен бірге Жол картасына қол қойылды. Ол құжатта Алма­тыдағы студенттер мәселесін шешуге арналған нақты қа­дамдар көрсетілген. Біз жыл са­йын мониторинг жүргіземіз. 27 маусым күні алғашқы кешенді тексеру өткіздік. Енді жаңа оқу жылы қарсаңында тағы да тексе­рулер жүргізіледі. Қоғам бел­сенділері, депутаттар, БАҚ өкіл­дерімен бірге жатақханалардың жағдайын қарап, студенттерге қаншалықты жағдай жасалғанын

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
1
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:21

20:19

18:08

17:33

16:29

16:04

15:19

15:05

15:03

13:02

12:20

12:17

10:44

09:39

19:04

19:02

18:58

17:45

17:28

17:11

17:07

16:50

16:32

16:10

15:52