Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Конституциялық реформа және Қазақстандағы БАҚ даму...

Конституциялық реформа және Қазақстандағы БАҚ дамуы

Әлеумет 20.08.2025, 17:09 593
Конституциялық реформа және Қазақстандағы БАҚ дамуы
almaty-akshamy.kz

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Конституциялық реформа және БАҚ дамуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Дөңгелек үстел барысында БАҚ-тың конституциялық реформаны ілгерілетудегі рөлі, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекет пен қоғам арасындағы диалогты қалыптастыру мәселелері талқыланды.

 

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей: «Қоғамның құқықтық мәдениетін арттыру – Әділетті Қазақстан құрудың негізгі алғышарты». Осы бағытта Конституциялық Сот пен «Бас редакторлар клубы» арасындағы меморандум ерекше маңызға ие. Бұл – БАҚ арқылы халыққа конституциялық құқықтарды түсіндірудің жаңа кезеңін ашады. Алдымызда тұрған басты міндет – құқықтық мәдениеті жоғары, өз құқығын білетін және оны қорғай алатын қоғам қалыптастыру. Бұл міндетті жүзеге асыруда мемлекет пен азаматтық қоғам, соның ішінде БАҚ ортақ жауапкершілікті бөліседі.”-деді ҚР Парламент Сенатының депутаты, Бас редакторлар ҚБ президенті Б. Жексенбай.

«Конституциялық реформа бұл тек құқықтық жүйедегі өзгерістер ғана емес, сонымен қатар демократиялық құндылықтарды нығайту. Бұл ретте БАҚ ерекше рөлге ие, себебі олар қоғамға реформалардың мәнін түсіндіріп, оның нәтижелеріне деген сенімді қалыптастырады», деді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «Халықаралық заңгерлер қауымдастығы» ҚБ президенті Марат Башимов.

Дөңгелек үстелге қатысқан Республикалық заң консультанттары палатасының төрағасы Серік Ақылбай да хұқықтық сауаттылықты арттыру мәселелеріне кеңінен тоқталды.

Қатысушылардың айтуынша, реформалардың мән-мағынасын кең аудиторияға жеткізуде және демократиялық процестерге деген сенімді нығайтуда БАҚ басты құрал болып табылады.

«Халықаралық тәжірибеге жүгінсек, дамыған елдерде (Германия, Канада, Жапония, Скандинавия мемлекеттері) құқықтық мәдениет мектептен бастап қалыптасады. Азаматтарға қолжетімді ақпараттық ресурстар, заңгерлік консультациялар, онлайн сервистер арқылы құқықтық қолдау көрсетіледі. БҰҰ мен ЕҚЫҰ-ның ұсынымдарында да халықтың құқықтық білімін арттыру – тұрақты дамудың негізгі факторы ретінде белгіленге», деп атап өтті Бибігүл Жексенбай.

«Алатау ақпарат» медиа холдингінің бас директоры Ержан Қалымбайұлы отандық журналистерге құқықтық медиа сауаттылыққа арналған оқу сабақтарының көп болуы артықшылық етпейтігіен ерекше атап өтті. Спикерлер БАҚ қызметінің құқықтық негіздерін нығайту, олардың жауапкершілігі мен тәуелсіздігі, азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударды.

«Азаматтық альянс» ЗТБ атқарушы директоры Нұрас Ералы; ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары Әлішер Мұқажан; «Абай» телеарнасының директоры Еркін Мұхамеджанов, «Қазақ газеттері» ЖШС бас директорының орынбасары Қамбар Ахметов; «Бас редакторлар клубының» вице-президенті Мұратбек Тоқтағазин; «Qazcontent» АҚ төрайымы Айна Задабек, «QR news» порталының директоры Нұрбол Төлебаев; «Бас редакторлар клубының» атқарушы директоры Бибігүл Құламан; журналист, медиаменеджер Абай Сейфолла қатысты.

Сондай-ақ кездесуге өңірлердегі жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының бас редакторлары онлайн форматта қатысты. Дөңгелек үстел «Бас редакторлар клубы» ҚБ мен Қазақстан Республикасы Конституциялық соты арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында өтті. Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар құқықтық мәдениетті дамыту және демократиялық процестерде БАҚ рөлін нығайту бағытында диалогты әрі қарай жалғастыруға және журналистердің құқықтық сауаттылығын арттыруға арналған оқыту сабақтарын өткізуге уағдаласты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Конституция #Реформа
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

116 жастағы Түймегүл әже көп жасаудың сырын айтты

Бүгін 11:35

Тағы 1,8 мыңға жуық адам Таяу Шығыстан Қазақстанға оралды

Бүгін 11:02

Жаңбыр, көктайғақ пен тұман: 8 наурызда ауа райы қандай болады?

Бүгін 10:20

Тоқаев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Бүгін 08:04

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында жас ғалымдарға баспана сыйланды

Кеше 22:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі