Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда сыртқы жарықтандыру жүйесі жаңғыртылып жа...

Алматыда сыртқы жарықтандыру жүйесі жаңғыртылып жатыр

Барлығы 20.08.2025, 14:30 738
Алматыда сыртқы жарықтандыру жүйесі жаңғыртылып жатыр
Өңірлік коммуникация қызметі

Алматы сыртқы жарықтандыру жүйесін жаңғыртып жатыр.  Биылғы 7 айдың ішінде қаланың 8 ауданында 21 600 жарық нүктесі қалпына келтіріліп, 230 шақырым кабель ауысып, жаңадан 1 225 сыртқы жарық бағаны орнатылды. Үздіксіз жұмыс істегендіктен азаматтардың жарықтандыруға байланысты өтінімі былтырғымен салыстырғанда 2,5 есеге қысқарып, биыл 8 445-ақ арыз түскен.

Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған пресс тур барысында жыл соңына дейін қала көшелерінің жарықтандыру деңгейін 100 %-ға жеткізу жоспарланып жатқаны белгілі болды.

Қаланың негізгі көшелерінде де осындай жұмыс қолға алынды. Мысалы, Сейфуллин даңғылы екі есе жарық бола түсті. Сатбаев көшесінен Алматы 1 вокзалына дейінгі аралықтағы бағандарға екі шам бекітілген инновациялық консольдар орнатылып жатыр, бұрын әр бағанға бір-бір шамнан ғана ілінетін. Жұмыс Бостандық, Алмалы, Жетісу мен Түрксіб ауданында да жалғасты. Жолдан бөлек, жаяулар жүретін жағы да жарықтандырылды.  Абай мен Достық даңғылында, сондай-ақ Наурызбай батыр, Сатбаев, Брусиловский, Өтеген батыр көшесінде де осындай жоба іске асырылды.

Тимирязев көшесі де жобадан сырт қалған жоқ. Желтоксаннан Жандосовқа дейінгі жердегі шамдар түгел ауысып, жаяу жүргіншілер жағындағы ескі шамдар жаңа LED жарықдиодты шамдарға ауыстырылады. Тротуарларында өмірі жарық болмаған жерде жаңадан торшер бағандары пайда болады.
Сейфуллин – Шолохов қиылысындағы паркте автополив жүйесін жүргізетін мердігердің кесірінен үзілген кабель желісі қалпына келтірілді. Аллеяларда жанған шамдар ауыстырылып, жарық қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.

Республика Сарайының алдындағы Абай алаңында шамамен 1 шақырым кабель желісі мен ескірген шамдарды (50 дана) ауыстыра бастады.
"Сондай-ақ 28 гвардияшылар-панфиловшылар саябағында 250 шамдық лампалардың орнына қуаты жоғары және жарығы мол LED жарықдиодты шамдарды қояды", — деді пресс тур барысында "Алматы Қала Жарық" МКК сыртқы жарықтандыру қызметінің басшысы Нұрасыл Берік.

Шығыс айналма автожолында шамамен 800 шам құрылғысын қуаты төмен (150 Вт) шамалардан қуаты жоғары (200 Вт) шамдарға ауыстыру жұмысы жүргізілді, бұл жарықтандыру деңгейін 20 дан 70 люксқа дейін арттырды. Рыскұлов даңғылында да осындай жұмыс басталып, әлі жалғасып жатыр.
Сонымен бірге, бұрын жарық болмаған қаладағы жерлерге жаңа желілер салынып жатыр. Жұмысты барлық 8 ауданның әкімдіктермен бірлесіп қолға алған. Тек "Алматы Қала Жарықтың" күшімен бұрыннан қараңғы көшелер мен сыңар көшелерге шамамен 400 баған, 500 ден астам консоль мен шамамен мың жаңа шам орнатылды.

Жарықтандыру желілерін салу мен жаңалау жұмысында негізгі жауапкершілік аудандық әкімдіктер мен Қалалық мобильділік басқармасына жүктеледі. Парк, скверлер және өзен арналарын жарықтандыру Қоғамдық кеңістікті дамыту басқармасының құзырында. Жолдарды жарықтандыру — Құрылыс басқармасына жүктелген. Ал "Алматы Қала Жарық" МКК сыртқы жарықтандыру желілерінің қызметі мен жөндеу жұмысына жауапты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Жарық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дина Исламбекова бокстан Азия чемпионатында алтын медальға ие болды

Бүгін 16:06

Алматыда өңірлік «Аналитика мектебіне» өтінім қабылдау басталды: қатысушылар қаланың болашағы үшін шешімдер әзірлейді

Бүгін 15:46

Қазақстанда мұғалімдерді аттестаттауға қатысты жаңа өзгерістер енгізілді

Бүгін 15:26

Ұлттық метаболикалық код 2026: болашақтың медицинасы үшін пәнаралық диалог

Бүгін 14:52

Алматыда 200-ден астам тұрғын реновация бағдарламасы аясында жаңа баспана алды

Бүгін 14:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика