Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Пластик контейнердегі жағымсыз иісті кетірудің 7 т...

Пластик контейнердегі жағымсыз иісті кетірудің 7 тәсілі

Керек кеңес 13.10.2024, 14:45 1,110
Пластик контейнердегі жағымсыз иісті кетірудің 7 тәсілі
Сурет: Ernur.kz

Сапасы жақсы деген пластик ыдыстың өзінің де тозатын уақыты бар. Ыдыстың ішкі жағында майда сызықтар пайда болады, формасы өзгереді.  Ал ол ыдыстар уақыт өте жағымсыз иіс шығара бастайды. Оның негізгі себебі – ыдысқа түскен сызат болуы мүмкін, деп хабарлайды aqshamnews.kz Ernur.kz-ке сілтеме жасап. 

Ол ыдысты жиі пайдаланғаннан, ыстық әсерінен түседі. Осындай ыдыстардан жағымсыз иістің кетуі қиындайды. Иісі кетпеген ыдысты тастауға асықпаңыз. Төмендегі тәсілдер арқылы жағымсыз иісті кетіріп, ыдысыңызды ұзағырақ пайдаланыңыз.

 Кофе

Кофе жағымсыз иісті жақсы кетіреді. Ол үшін ұнтақталған немесе қайнатылған кофе қалдығымен иісі шыққан ыдыс ішін ысқылап сүртіп шығу керек. Кейін мұздатқышқа салып қойыңыз. Бір тәуліктен соң шығарып, жуып -шайып алыңыз. Ешқандай иіс қалмайды.

Ас содасы

Бұл өте үнемді және тиімділігі сынақтан өткен нұсқалардың бірі. Ас содасын 1:2 мөлшерде сумен араластырып быламық жасап аламыз. Осы быламықпен ыдыстың ішін сүртіп, қақпағын жабамыз. Осы күйі түнге қалдырып, ертеңіне шайып, тазартып аламыз.

 Сіркесу

 Сіркесуы қышқылы пластик ыдыстағы иісті толық жойып жібере алады. Ол үшін сіркесуы қышқылын бөлме температурасындағы сумен 4/1 мөлшерде араластырып, ыдысқа құйып қоямыз. Тиімділігі арта түсу үшін ыдыс жуатын сұйықтықтан 2-3 тамшы қосуға болады. 3 сағаттан кейін тазартып аламыз.

 Газет

Бұл жерде бәрі қарапайым. Ол үшін бар болғаны газетті жыртып, мыжып ыдысқа толтыра салу керек. Қақпағын жауып, 5-6 сағатқа қалдырамыз. Газет ыдыс ішіндегі иіс пен ылғалды өзіне толық тартып алады. Бұл құрғақ тазартуға жатады. Мұның орнына ағаш күлін қолданса да болады.

Лимон

Лимон жемісі ыдыстағы иісті ғана емес, сондай-ақ тұрып қалған май мен кірді де жақсы кетіреді. Ол үшін лимонның жартысымен ыдыс ішін ысқылап сүртіп қоямыз. Күні бойына бетін жауып қалдырып, кейін шайып аламыз.

 Ванилин

Пісірмелерге қосатын әдемі иісі бар дәмдеуіш ыдыстағы иісті жойып жібереді. Ол үшін иісі шыққан ыдысты жылы суға толтырып, шай қасықпен ванилин саламыз. Бетін жауып 4-5 сағаттан кейін жуып, тазартып алу қажет.

Хлорлы ағартқыш

Бұл тәсілді қатты қажет болмаса, жиі жасау ұсынылмайды. Хлор тек залалсыздандырмайды, сонымен бірге жиналып қалған кірді де жақсы кетіреді. Ағартқыш пен суды 1:1 мөлшерде араластырып, иісі бар ыдысқа құйып 3,5 сағатқа қалдырамыз. Кейіннен бірнеше мәрте қайтара сумен шайып тазартамыз. Хлорлы ағартқыштықы түрлі-түсті пластик ыдыстарға қолдануға болмайды.

Сапасы жақсы деген пластик ыдыстың өзінің де тозатын уақыты бар. Ыдыстың ішкі жағында майда сызықтар пайда болады, формасы өзгереді. Сондықтан мұндай ыдысты жиі ауыстырып тұру керек немесе шыны, эмальды ыдыстармен араластырып ұстаған дұрыс. Керек кеңес, қажеттеріңізге жарасын!


Телеграм арнаға жазылыңыз
#контейнер #Пластик #иісін кетіру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика