AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Олжас Бектенов ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын қар...

Олжас Бектенов ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын қаржыландыру жұмыстарын жеделдету қажеттігін тапсырды

Әлеумет 08.01.2025, 15:29 782 Nursok82
Олжас Бектенов ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын қаржыландыру жұмыстарын жеделдету қажеттігін тапсырды
Сурет: Baraev.kz

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Үкімет отырысында 2025 жылғы көктемгі дала жұмыстары үшін шаруаларға қаржы бөлу мәселесін көтерді. Қаржыландыру өткен жылы басталғаны атап өтілді, деп хабарлайды aqshamnews.kz. 

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

«Біз қаржыландыруды өткен жылдың 29 қарашасында бастадық. Аталған жұмысқа жалпы 100 млрд теңге бөлініп, қазірдің өзінде оның 70 млрд теңгесі шаруаларға берілген. Әрі қарай жұмыс жүргізіліп жатыр. Облыстарда ӘКК әлі қосылмаған, оларды ӘКК арқылы да тарату керек, сонда жұмыс тезірек жүреді. Жалпы қаржы бар», — деді Айдарбек Сапаров.

 Премьер-министр жұмысты жеделдетуді тапсырды.

Айта кету керек, Президент тапсырмасын орындау аясында 2025 жылғы көктемгі егін және күзгі жиын-терім жұмыстарына «Кең дала-2» бағдарламасы бойынша жалпы 700 млрд теңгеге дейін, оның ішінде 140 млрд теңгесі – бюджет қаражаты, 560 млрд теңгесі – нарық қаражаты жұмсалады. Шаруаларға өтеу мерзімі 2026 жылғы 1 наурызға дейін белгіленген жылдық 5%-бен несие беріледі. 

Ерте қаржыландыру дихандарға егіс науқанын уақтылы бастау үшін барлық қажетті құрал-жабдықты, соның ішінде тыңайтқыштарды алдын ала сатып алуға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауылшаруашылық #егін #қаржыландыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);