Егін жинау науқаны – 2026: Олжас Бектенов жиналған астықтың сақталуы және диқандарды ерте қаржыландыру жұмыстарын бастауды тапсырды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында егін жинау науқанының барысы қаралды. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов ауыл шаруашылығындағы қазіргі жағдай туралы, экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров алдағы кезеңге арналған ауа райы болжамы туралы, диқандарды қолжетімді отынмен қамтамасыз ету бойынша энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев, ал көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов көлік инфрақұрылымының дайындығы туралы баяндады. Сонда