AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Қазақстан мобильді интернет бағасы мен жылдамдығы...

Қазақстан мобильді интернет бағасы мен жылдамдығы бойынша үздіктер қатарына енді

Экономика Бүгін 17:05 23
Қазақстан мобильді интернет бағасы мен жылдамдығы бойынша үздіктер қатарына енді
Depositphotos.com

Қазақстан мобильді интернеттің бағасы мен жылдамдығы бойынша әлемдегі көшбасшылар қатарына енді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Сарапшылардың талдауы

Finprom.kz сарапшыларының талдауына сүйенсек, еліміз мобильді интернеті ең жылдам 55 елдің қатарына кіріп, арзандығы бойынша 7-орынға жайғасқан.

Интернет құны мен жылдамдығы

Қазақстанда айлық интернет құны орта есеппен 10,65 АҚШ долларын құрайды, бұл жоғары жылдамдықты елдердің орташа көрсеткішінен 2,5 есе арзан.

Ал орташа жылдамдық 93 Мбит/с жетіп, Канада, Италия, Ұлыбритания мен Испания сияқты бірқатар дамыған елдерді басып озды.

Нарықтағы бағыттар

Әлемдік нарықта негізінен екі түрлі бағыт қалыптасқан: яғни жылдам, бірақ өте қымбат, немесе арзан, бірақ жылдамдығы көңіл көншітпейді.

Парсы шығанағы елдері

Жылдамдық рейтингінде көш бастаған Парсы шығанағы елдері (БАӘ, Катар, Кувейт) ең қымбат нарықтар қатарына жатады, мысалы, Кувейтте интернет Қазақстанға қарағанда 7,5 еседен астам, ал БАӘ мен Катарда 5,5 еседен астам қымбатқа түседі.

Канадамен салыстыру

Сондай-ақ Канада тұрғындары интернет жылдамдығы жағынан шамалас болғанымен, айлық интернет үшін 5,5 есе көп ақы төлейді.

Қазақстанның артықшылығы

Осылайша, Қазақстан бұл қалыптардың екеуіне де сыймай, арзан әрі жылдам қызметті ұсынатын сирек елдердің қатарынан табылып отыр, нәтижесінде қазақстандықтар дамыған экономикаларға қарағанда әлдеқайда аз ақыға жоғары жылдамдықтағы интернетті пайдалануда.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #интернет #экономика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысында Президент Жолдауы талқыланды

Бүгін 17:19

Алматылық дәрігерлер қант диабетін дер кезінде анықтаудың жолын айтты

Бүгін 16:57

Алматыда «QURMANGAZY & PIANO» концерті өтті

Бүгін 16:44

Алматының Әуезов ауданында тұрғындарға арналған жаңа демалыс орны көркейтілді

Бүгін 16:32

Салық заңнамасындағы түйткілдер шешімін таба бастады

Бүгін 16:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);