AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Салық заңнамасындағы түйткілдер шешімін таба баста...

Салық заңнамасындағы түйткілдер шешімін таба бастады

Экономика Бүгін 16:15 28
Салық заңнамасындағы түйткілдер шешімін таба бастады
Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі /мұрағат/

Биыл 10 айда елімізде 400 мыңға жуық кәсіпкерлік субъектісі қызметін тоқтатты. Сарапшылар мұны жаңа Салық кодексінің күшіне енуімен байланыстырады. Олардың пікірінше, құжаттағы бірқатар олқылық пен салықтық жүктеменің артуы бизнеске түсетін қысымды күшейткен, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Салық кодексінің әсері

«Жаңа Салық кодексі көздеген мақсатына жете алмады» — кәсіпкерлер мен сарапшылар осындай пікірде. Биылғы тоғыз айда бюджетке өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 триллион теңгеге артық салық түскен. Алайда мамандар мұны бизнестің дамуын көрсететін оң нәтиже деп бағаламайды. Керісінше, кәсіпкерлікке қолдау күшейсе, бұдан да жоғары көрсеткішке қол жеткізуге болар еді дейді. Себебі жаңа салық талаптары, әсіресе, шағын бизнеске салмақ түсірген.

«Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне «B2B» бағытында шектеу қойылғаннан кейін олар өз тауарлары мен қызметтерін ірі кәсіпкерлерге сата алмай қалды. Өйткені сататын болса, ҚҚС төлеуші ретінде тіркелуі тиіс, бұл өз кезегінде тауар бағасының қымбаттауына әкеледі. Бұл – өте үлкен мәселе. Егер кәсіпкердің мүлкі автокөлік немесе тұрғын үй, пәтері болса, оны үш жыл сайын бағалатып отыруы қажет. Ал бағалау қызметі арзан тұрмайды. Мұндай олқылықтар аз емес, қазір Үкімет тарапынан да 100-ге жуық олқылықты анықталып, оларды өзгертуге ұсыныс беріліп жатыр», — деді сарапшы Айтуар Қошмамбетов.

Уақыт тапшылығы мен деректердің жетіспеушілігі

Ал Қазақстан Салық кеңесшілері қауымдастығының басқарма төрағасы Сәкен Қариннің айтуынша, ұсыныстар сарапшыларға жолданғанымен, оларды жан-жақты зерделеуге уақыт жеткіліксіз.

«Үкімет бұл өзгерістерді жарты жыл бойы дайындап келді, ал бізге жауап беру үшін небәрі 15 күн беріледі. Уақыт тығыз. Екіншіден, статистикалық мәліметтер аз. Оны енді Үкіметтен талап етеміз. Ал ашық деректер болмағандықтан, сараптамамыз толыққанды болмайды», — деді Қазақстан Салық кеңесшілері қауымдастығының басқарма төрағасы Сәкен Қарин.

Бизнеске түсетін қысым

Биыл 400 мыңға жуық кәсіпкерлік субъектісі қызметін тоқтатуының себебін түсіндірген сарапшылар бизнеске түсіп отырған нақты қысымды атады.

«Бизнес үшін ең өзекті мәселенің бірі – шығындарды салықтан шегеруге тыйым салу. Өкінішке қарай, жаңа Салық кодексі қабылданғаннан кейін кәсіпкерлер осы қиындыққа тап болды. Қазір бұл бағытта өзгерістер бар, мемлекет бізді естіп жатыр. Бүгін осы мәселе де талқыланады. Тыйым толығымен алынып тасталады деп үміттенеміз», — деді салық заңгері Екатерина Ким.

Айта кетейік, Президент өз Жолдауында Үкіметке салық заңнамасындағы қайшылықтарды жойып, кәсіпкерлерге түсетін артық жүктемені азайтуды тапсырған болатын. Сондай-ақ мемлекет басшысы салық реформасынан кейін бизнес өкілдерінің бірқатар қиындыққа тап болғанын атап өткен еді.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#салық #экономика #Кәсіпкерлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысында Президент Жолдауы талқыланды

Бүгін 17:19

Қазақстан мобильді интернет бағасы мен жылдамдығы бойынша үздіктер қатарына енді

Бүгін 17:05

Алматылық дәрігерлер қант диабетін дер кезінде анықтаудың жолын айтты

Бүгін 16:57

Алматыда «QURMANGAZY & PIANO» концерті өтті

Бүгін 16:44

Алматының Әуезов ауданында тұрғындарға арналған жаңа демалыс орны көркейтілді

Бүгін 16:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);