AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматыда «QURMANGAZY & PIANO» концерті өтті

Алматыда «QURMANGAZY & PIANO» концерті өтті

Мәдени Алматы Бүгін 16:44 35
Алматыда «QURMANGAZY & PIANO» концерті өтті
Алматы әкімдігі

Концертте ұлттық аспаптық орындаушылық өнер мен әлемдік классикалық музыка өзара үндестік тапты, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі мен Қазақстанның халық артисі, көрнекті пианист Жания Аубакированың шығармашылық ынтымақтастығы аясында «QURMANGAZY & PIANO» концерті өтті.

Концертте ұлттық аспаптық орындаушылық өнер мен әлемдік классикалық музыка өзара үндестік тауып, оркестр мен фортепианоның көркемдік мүмкіндіктері тоғысты.

Концерт композитор Еркеғали Рахмадиевтің «Құдаша-думан» симфониялық күйімен ашылды. Бағдарламада биыл туғанына 100 жыл толып отырған композитор Мәкәлім Қойшыбаевтың «Ре мажор» симфониясы, Илья Жақановтың «Даниярдың әні», Жаяу Мұса Байжанұлының «Ақ сиса» шығармалары мен Сегіз серінің «Гауһартас» әні орындалды. Жания Аубакирова Эдвард Григтің фортепиано мен оркестрге арналған «Ля минор» концертін және Нағым Меңдіғалиевтің «Домбыра туралы аңыз» шығармасын орындады.Сонымен қатар оркестр Эдвард Григтің «Пер Гюнт» сюитасынан «Таң» және «Анитра биі» туындыларын ұсынды. Оркестрге ұлттық оркестрдің бас дирижері, «Құрмет» орденінің иегері Абылай Тілепберген   дирижерлық етті.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің «QURMANGAZY & PIANO» концерті ұлттық оркестр мен пиянист Жания Аубакирова арасындағы шығармашылық байланыстың жарқын көрінісіне айналды. Концерт ұлттық аспаптық орындаушылық өнерінің жоғары көркемдік мүмкіндіктерін танытып, қазақтың дәстүрлі музыкалық мұрасы мен әлемдік классикалық өнердің өзара сабақтастығын көрсетті. Музыкалық жоба ұлттық өнерді халықаралық мәдени кеңістікте дәріптеуге бағытталған маңызды шығармашылық бастама болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық дәрігерлер қант диабетін дер кезінде анықтаудың жолын айтты

Бүгін 16:57

Алматының Әуезов ауданында тұрғындарға арналған жаңа демалыс орны көркейтілді

Бүгін 16:32

«Өзіміздікі» және «Өзіміздікі емес» деп бөлуге жол берілмейді – Тоқаев

Бүгін 16:14

Президент «Халықтық құрылыс» бағдарламасының бақылауын арнайы комиссия жүргізетінін айтты

Бүгін 15:45

Президент мемлекеттік компаниялардағы жемқорлықты азайту жөнінде ұсыныс беруді тапсырды

Бүгін 15:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);