Елімізде алғаш рет ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау стандарты әзірленді. Мемлекеттік деңгейде білім берудің барлық деңгейлерінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды сүйемелдеуге жүйелі тәсіл бекітіледі.
«Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды кешенді қолдау туралы» Заң жобасы әзірленуде, ол отбасы мен баланы сүйемелдеуге бағытталған ведомствоаралық тетіктерді қамтитын болады.
Үздіксіз инклюзивті білім берудің ұлттық орталығын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Еліміздегі мектептердің 90%-ин инклюзивті білім алу үшін жағдай жасалған, ал балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамту 85%-ға жетті жетті. Арнайы білім беру ұйымдарының желісі 504 бірлікке жетті. Мектептер жанынан ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдаудың 121 кабинеті ашылды.
2024 жылы білім беру ұйымдарында заңнаманы жетілдіру шеңберінде:
➤ мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, техникалық және кәсіптік білім беру деңгейлерінде «педагог-ассистент» штат бірлігі енгізілді;
➤ жалпы білім беру ұйымдарының үлгілік штаттары «арнайы педагог» лауазымы енгізілді;
➤ тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды физикалық сүйемелдеу үшін «білім беру ұйымдарындағы жеке көмекші» жаңа лауазымы енгізілді;
➤ психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің, оңалту орталықтарының және аутизм спектрі бұзылған балаларды қолдау орталықтарының жекелеген үлгілік штаттары бекітілді;
➤ аутизмі бар балаларды қолдау орталықтары «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет берушілердің тізбесіне енгізілген;
➤ аутизмі бар балаларға арналған түзету компоненті мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына енгізілді.
Еліміздің 11 өңірінде 18-де психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері ерте қолдау кабинеттері ашылды. Біліктілікті арттыру курстарымен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін 10 мыңнан астам педагог қамтылды.
ТжКБ ұйымына оқуға түсу кезінде мүгедектігі бар адамдар қатарындағы азаматтар үшін қабылдау квотасының мөлшері 1-ден 10%-ға дейін ұлғайтылды.
Балаларды қорғауда жылдам әрі қауіпсіз байланыс орнату мақсатында мектептер мен колледждерде «111» байланыс орталығына қол жеткізуге мүмкіндік беретін QR-кодтар енгізілді. Бұл психологиялық, құқықтық және әлеуметтік көмекті жасырын түрде алуға мүмкіндік береді.
2025 жылы қамқоршылық органдарының штатын 2,5 есеге ұлғайту жоспарлануда. Сонымен қатар енді жетім балалардың тәлімгерлері психологиялық дайындықтан өтеді.
Бұдан бөлек, мемлекет жекеменшік мектептерде оқитын бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз етуге 12 млрд теңгеден астам қаражат бөлді. Психологиялық қолдау орталықтары биыл 250 мыңнан астам оқушылар мен олардың отбасыларына көмек көрсетті.