Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Маржан ЖҰБАНЫШ: «Қазақ баласы қазақша ән айтып, қ...

Маржан ЖҰБАНЫШ: «Қазақ баласы қазақша ән айтып, қазақша ойласа деймін»

Әлеумет 02.07.2025, 11:33 978
Маржан ЖҰБАНЫШ:  «Қазақ баласы қазақша ән айтып, қазақша ойласа деймін»
Сурет: автор

Қазақша контенттерімен танымал Tynzhy cartoon деген арна бар. Алматылық жас режиссер-аниматор Маржан ЖҰБАНЫШТЫҢ жобасы. Өнер көгінде қазақы туындыларымен, ерекше қолтаңбасымен қанат жайып келе жатқан ол аз уақыт ішінде «Бәс», «Бәрінен де сен сұлу», «Шаңырақтың иесін іздеп жүрмін», «Балалы үй – базар», «Сауға», «Қошақан», «Жалқаубек», «Қуырмаш» сынды мультфильмдер түсірді.  Жас аниматордың мақсат-мүддесін білмекке әңгімеге тартқан болатынбыз.

 

– Маржан, Tynzhy cartoon арнаңызда қазақша балалар өлеңдеріне ерекше мән беріп жүрсіздер. Неге дәл осы бағытты таңдадыңыздар?

– Біз ең алдымен балаларымыздың қазақша сөйлеп, қазақша ойлағанын қалаймыз. Өйткені балаға тіл – ойыншық секілді. Егер оған тілді қызықты мультфильммен, әнмен ұсынып үйретсең, ол тез қабылдайды. Баланың тілі өз ана тілінде шығуы үшін контент қажет.

Бір қуантарлығы, YouTube арнамызды көретіндердің саны күн сайын өсіп келеді. Қазір жазылушыларымыздың саны 13 000-ға жуықтап қалды. Бұл бізге үлкен күш береді.

Біздің арнамызда «Қошақан», «Бақа-бақа балпақ», «Жалқаубек», «Қуырмаш» сияқты өлеңдерге мультфильмдер жасадық. Бұлар – қазақтың дәстүрінде бала тәрбиелеудің негізгі құралы деп білемін.

 

– Осы өлеңдер туралы қысқаша айтып өтсеңіз. Негізгі мақсаты қандай?

– Біздің арнадағы өлеңдердің барлығы – қазақтың ұмытылып бара жатқан халық әндері. Соларды жаңа заманға лайықтап, балаларымызға жеткізуді мақсат еттік.

 

«ҚОШАҚАН» – бала кезімізден жаттап өскен өлең. Біз бұл өлеңді жаңа аранжировкамен, әуенін тартымды етіп жасап, балаларға қызықты қылуға тырыстық. Балалар қошақанның қимылын көріп, қуанып, бірге билеп кетеді.

 

«БАҚА БАҚА БАЛПАҚ» – сұрақ-жауап үлгісіндегі өлең. Бұл өлең арқылы балалар ойлануды, жауап табуды, тіл үйренуді меңгереді. Әннің әуенін жеңіл әрі есте қалатындай етіп арнайы студияда жаздырдық.

 

«ЖАЛҚАУБЕК» – тәрбиелік мағынасы зор өлең. Онда жалқау бала туралы айтылады. Біздің видеода Жалқаубек сабақ оқығысы келмей, ұйықтай береді. Сыныптастары «Әй, Әй, Жалқаубек!» деп ән салып, оны еңбекке шақырады. Бұл арқылы балаларға еңбекқор болудың маңызын жеткіземіз.

 

«ҚУЫРМАШ» – қазақтың саусақ ойыны. Аналарымыз бізді алдына отырғызып, алақанымызға саусақпен «Қуыр-қуыр-қуырмаш!» деп өлең айтып беретін еді. Біз сол өлеңді жаңартып, балалардың есінде қалатын, дәстүр үзілмейтін нұсқасын жасадық. Әр саусақтың атауын, қимылын мультфильм арқылы үйретеміз.

 

– Ата-аналардың пікірі қандай?

– Шүкір, ата-аналардан өте жылы пікірлер аламыз. Көбі: «Сіздің өлеңдеріңізден кейін балаларымыз күні бойы айтып жүреді, күнде «Қошақанды» қойшы деп сұрайды!» – деп жазады. Ал кейбірі Instagram-дағы жеке парақшама да хабарласады. «Тағы да өлеңдер түсіріңіздерші! Біздің балалар қайта-қайта көргісі келе береді. Контент көп болса керемет болар еді. Сіздің суреттеріңіз сондай тартымды!» – деп пікір қалдырады.

Осы пікірлер бізге қанат бітіреді. Демек, еңбегіміз зая емес деген сөз.

 

– Tynzhy cartoon-ның түпкі миссиясы қандай?

– Tynzhy cartoon-дағы ең үлкен мақсатымыз – қазақ баласының құлағын қазақ әнімен ашу. Бала қазақша сөйлесін, қазақша күлсін. Бұл – менің ең үлкен арманым әрі миссиям.

Арнамыздағы әр видео арқылы үш маңызды нәрсені жеткізгіміз келеді. Біріншісі, тіл сақталса – ұлт сақталады. Біз балаларға жеңіл әрі түсінікті мультфильмдер жасап, қазақ тілінің дамуына үлес қосып жүрміз. Екіншісі, Ұлттық код мультфильмде тұр. «Қошақа, бақа, жалқаубек, қуырмаш – бәрі де қазақ дүниетанымынан алынған кейіпкерлер. Үшіншісі, баланы тәрбиелеу мультфильмнен басталады.

Біздің видеолар тек көңіл көтеру үшін емес. Олар баланың мінезін қалыптастыруға, еңбекқор, ізденімпаз болуға баулиды.

Мен әрдайым қазақ баласының құлағы қазақ әнімен ашылсын, бала қазақша сөйлесін, қазақша күлсін деп жүремін. Бұл – біздің миссиямыз.

 

Tynzhy cartoon балалардың рухани шырағына айналып келеді. Жас аниматор, режиссер Маржан Жұбаныш бұл арнаны қазақ тіліндегі сапалы контенттің аздығын сезініп, өрендердің игілігі үшін деп ашқан болатын. Нәтижесі жаман емес. Қазақтың қошақаны, бақасы, жалқаубегі мен қуырмашы мультфильм арқылы қайта тіріліп, жаңа заман баласының жүрегіне жол тапты. Қазақ баласы қазақша ән айтып, қазақша ойнасын десек, осындай жобаларды қолдау – бәріміздің ортақ міндетіміз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#режиссер-аниматор #Tynzhy cartoon #Мультфильм
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жүргізушілерге жасырын патруль арқылы айыппұл салынуы мүмкін

Бүгін 14:34

Ұлттық ұланда «BOOKGUARD» әдебичелленджі басталды

Бүгін 13:30

Қазақстандық ағайынды Кенжеғұловтар Аустрия Кубогында топ жарды

Бүгін 12:29

Тәртіп пен тәрбие басты назарда: Қорғаныс министрінің орынбасары Гвардейск гарнизонында тәрбие жұмысының басым бағыттарын айқындады

Бүгін 12:22

Алматыда заң жағынан тегін көмек ұсынатын жоба іске қосылады

Бүгін 12:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика