Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жамбыл облысының диқандарына былтырғыға қарағанда...

Жамбыл облысының диқандарына былтырғыға қарағанда екі есе көп су берілді

Әлеумет 15.05.2025, 11:10 695
Жамбыл облысының диқандарына былтырғыға қарағанда екі есе көп су берілді
gov.kz

Биылғы суару маусымы басталғалы жергілікті шаруалар 44 млн текше метр су алды. Бүгінгі таңда өңірдегі 15 мың гектар егіс алқабы суарылды.

Күннің ыстығына байланысты Жамбыл облысында суару кезеңі 25 күнге ерте басталды. Ал жауын-шашын болмағандықтан, суармалы суға деген сұраныс алдыңғы жылдармен салыстырғанда екі есе артты.

Қазіргі уақытта Жамбыл облысының «Қазсушар» филиалы тиісті келісімшарттар жасалған шаруаларды суармалы сумен қамтамасыз етіп жатыр. Шаруа қожалықтарымен жасалған келісімдердің шарттары толық орындалып жатыр. Ал диқандар келіп жатқан судың көлеміне дән риза. 

«Шаруашылықпен айналысып жатырмын. Сумен мәселе жоқ. Егінімізді суарып жатырмыз. Пияз ектім, жақсы өсіп келеді. Тамшылатып суару жүйесі тиімді, суды, дәріні үнемдеуге көмектеседі. Енді гектарына 70-80 тонна өнім жинаймыз деп есептеп отырмыз»,  - деді егінші Ақылбек Бәйтіков.

«13 гектар арпа ектім. Қазір бір рет суарып қойдық. Су мол келіп жатыр. Тек келісімшартқа отырып, ақшасын төлеу қажет. Қазақта «судың да сұрауы бар» деген сөз бар. Біздің жер ылғалды жақсы ұстайды. Бір мәрте суарсақ, сол бізге жеткілікті. Оның өзінен жақсы өнім аламыз. Жоңышқаны да бір рет суарғаннан кейін, екі рет орып аламыз. Гектарына 150-170 орам шөп аламыз. Бұл өзіміз бағатын малға жетеді»,- деді Қызылшарық ауылының тұрғыны, шаруа қожалығының иесі Әбдібек Шымырбаев.

«Қазір барлық күш Жамбыл облысының шаруаларын суармалы сумен қамтамасыз етуге бағытталған. Ол үшін Киров су қоймасынан су жіберу көлемін ұлғайту бойынша қырғыз әріптестерімізбен келіссөз жүргізілді», - деді Жамбыл облысының «Қазсушар» филиалының директоры Қайрат Аманов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#егін #дихан #суару маусымы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика