ffin.kz

Іскер ана  

Іскер ана    Сурет: ашық дереккөз

Ата-бабадан бүгінгі ұрпаққа мұра болып келе жатқан ұлтымыздың асыл қазыналы құндылықтарын одан әрі дамытып, туған Отанымыздың сапалы өнімдерін елге, әлемге таныту мақсатында қазақ аналары барлық күш-жігерін салуда.


Сенімділік – табысқа жетуге деген бойдағы ерекше сезімді әрекетке жетелейді. Соның салдарынан алға қойған мақсат биік белестерге шығуға ықпал етеді.


«Ел анасы» қоғамдық қор жетекшісі, алты баланың анасы күміс алқа иегері Мемлекеттік гранттар ұтып, «АруАй бренд» цехын ашып, өз кәсібін дамытып келе жатқан Әуезов ауданының тұрғыны аяулы жар, ардақты ана Есенбекова Сандуғаш Мырзабекқызын ерекше мақтанышпен айтқымыз келеді.


Бүгінгі таңда «АруАй бренд» цехында көрпе-төсектерді нағыз қазақи ою-өрнектермен әшекейлендіріп жасап ұмыт болып келе жатқан дүниені қайта жаңғырту мақсатында еңбек етіп келеді.


Білім алу құпиясы мен қолөнер шеберлігін қатар алып жүрген асыл аналарымыздың алтын уақыттарын бос жібермей еңбек саласына ерекше ден қойып басқа да үйде жұмыссыз отырған аналарды өз тәжірибесімен баулып, кәсіп бастауға деген кең жолды ашып беруде.


Аталған цех жанынан арнайы оқып үйрену курсын ашып, киім тігу саласын да іске қосып, біраз аналар сол жерде үш айлық тегін білім алып, жұмысқа орналасуға да әрі қарай зор мүмкіндік бар.


Сандуғаш Мырзабекқызы өзінің жан-жақты ізденімпаздығы мен білімінің арқасында «Дамубала» бағдарламасының аясында үйірмелер ашып бүгінгі таңда мектеп жасындағы балалар жиналып домбыра, сурет салу және би түрлерінен дәріс алуда.


Іскер ана өзінің өз тәжірибесін өзінің кәсіпкерлік жолын басқа да үйде отырған, қызығушылық танытқан аналарға көмектесуге дайын. Білімі мен тәжірибесімен бөліседі.


«Ел анасы» қоры атынан мұқтаж аналарға арнайы цехта дайындалған көрпе-төсеніштерден де үлестіріп қайырымдылық іс жасап отырады.


Осындай кең жүректі, білімді, кәсібін дөңгелетіп отырған аналарымызға ерекше алғыс айтып, болашақта биік белестерді бағындырып, кәсіптерін өркендей беруіне тілекшіміз.


Бүгінгі таңда Алматы қаласы, Әуезов ауданы «Ба­қыт­ты отбасы» бағдарламасы аясында көпбалалы, аз қамтылған, толық емес және мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға арналған әлеуметтік орталықта жұмыс істеп келеді. Бұл аталған бағдарламаның көмегімен қаншама мұқтаж жандардың тұрмыс-жағдайлары және орталықтан қызмет алушы аналар өздеріне қажетті бағыт-бағдар алғандарын айтуға болады. Орталықта тегін психолог және заңгер қызметтерінен басқа «Бизнес бойынша кеңес», «Есеп-қисап кеңесі», «Өз –өзін әрлеу, сәндеу», тігін және кондитерлік секілді тегін курстарды үй­ре­те­ді. Кәсіппен айналысқысы келетін аналардың бизнес идеясын жүзеге асырып, арнайы мемлекеттік гранттарды қорғауға дейінгі дайындық жұмыстарын атқаратын тренерлік курстар жүргізіледі. Әрбір қызмет алушы ана жеке және жанұялық жағдайда заңгер кеңесі немесе психолог кеңесі қажет болса орталықтағы мамандарға келеді. Сонымен қатар, мектеп жасына дейінгі балалар үшін арнайы дайындық сабақтары өз кезегімен өтіп жатқанын айта кетеміз. Онда тәрбиеші, мамандар мектеп алды оқу, жазу сурет салу, желіммен түрлі жабыстыру жұмыстарын жа­сау­ға баулиды. Салауатты өмір салты, денсаулық әрбір адамның басты байлығы екенін ескере келе орталығымызда бір жасқа толмаған бүлдіршіндерімізге арнайы маман массаж жасайды. Отбасының рухани құндылықтары мен ата-бабадан мұра болып келе жатқан салт-дәстүрлері, әдеп-ғұрыптарын насихаттау барысында әрбір күнтізбелік мерекелерде арнайы сахналық іс-шаралар өткізіліп тұрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32