AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / 350 млн теңгенің грантын талан-таражға салған: Аст...

350 млн теңгенің грантын талан-таражға салған: Астанада «Ғылым қорындағы» жымқыру схемасы анықталды

Заң мен тəртіп Бүгін 15:15 25
350 млн теңгенің грантын талан-таражға салған: Астанада «Ғылым қорындағы» жымқыру схемасы анықталды
Ұлттық статистика бюросы

Екі күдікті ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қаржы мониторинг агенттігінің Астанадағы департаменті «Ғылым қорынан» қаржы жымқырған екі күдіктіні қолға түсіріп, қамады. Оның біреуі – грант ұтып алған жеке кәсіпкер, екіншісі «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының» қызметкері.

Жымқырылған қаражат пайдаланылған өсімдік майын жеткізуге төлем жасау деген желеумен өзара байланысты екі компанияның шотына аударылған.

«Іс материалдарына сәйкес, 2023 жылы жеке кәсіпкер «Ғылым қоры» акционерлік қоғамынан «Өсімдік майларын қайта өңдеу және тазарту өндірісін ұйымдастыру» жобасын іске асыру үшін жалпы қаржыландыру көлемі 350 млн теңгеге дейінгі грант алған. Жеке кәсіпкер грантты игеріп жатқандай күй танытып, шын мәнінде ақшаны өзінің бақылауындағы компаниялардың шотына ақша аударған», - деп хабарлайды ҚМА.

Қаржы мониторинг агенттігі істі мұқият тексергені соншалық, олар тат баспайтын жабдықты бүге-шүгесіне дейін тексеріп, оның сапасыз қондырғы екенін дәлелдеген. Соның салдарынан өнім де жоқ, коммерцияда жоқ болған.

«Осы сыбайластықтың кесірінен мемлекетке 297 млн теңгеден астам залал келді. Жеке кәсіпкерге «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының» қызметкері көмектескен. Жеке кәсіпкер оған бұл «қызметі» үшін 1,7 млн теңге сыйақы берген көрінеді», – деп хабарлайды ҚМА баспасөз қызметі.

Қазір екі күдікті де қамауда, сот олардың 6 көлігі, бір пәтері мен сапасыз жабдықтарына санкция салған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда биыл 24,5 млн тонна астық жиналды – Президент

Бүгін 15:15

Мүгедектігі бар балаларға үй жағдайында оңалту қызметі кеңейтілді

Бүгін 15:00

Алматы декларациясының 35 жылдығына халықаралық жиын өтті

Бүгін 14:30

Алматының Жетісу ауданында 3 мың шаршы метрден астам аула аумағы көркейтілді

Бүгін 14:29

Алматыда «Заң мен Әділдік» жобасы арқылы кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдауды кеңейтті

Бүгін 13:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);