AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматының барлық сегіз ауданында 19 ашық мұз айдын...

Алматының барлық сегіз ауданында 19 ашық мұз айдыны ашылады

Алматы Бүгін 16:10 26
Алматының барлық сегіз ауданында 19 ашық мұз айдыны ашылады
Алматы әкімдігі

Мұз айдындарын желтоқсан айында ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

2026-2027 жылғы қысқы маусымда Алматыда ашық аспан астындағы 19 мұз айдынын ашу жоспарланып отыр. Қалалық Спорт басқармасы өкілдерінің мәліметінше, мұз айдындары қаланың барлық сегіз ауданында ашылады. Оның 12-сі тегін болады.

Мұз айдындары саябақтарда, ірі спорт ареналарының маңында, сауда орталықтары мен тұрғын алаптарда ашылады. Олардың жалпы аумағы 20 мың шаршы метрден асады.

Биыл алғаш рет бес тегін мұз айдыны Flow Park аумағында, Алматы ипподромында, Шұғыла шағынауданындағы №221 мектепте, Сәкен Сейфуллин атындағы саябақта және «Сұңқар» шаңғымен тұғырдан секіру кешенінде жабдықталады.

Мұз айдындары қайда ашылады?

  • Алатау ауданында – «Алматы Арена» аумағында;

  • Алмалы ауданында – ҚБТУ аумағында;

  • Әуезов ауданында – Family Park саябағында;

  • Бостандық ауданында – Ганди көшесіндегі Тұңғыш Президент қорының саябағында, Flow Park-та, «Сұңқар» шаңғымен тұғырдан секіру кешенінде, Esentai Mall, Villa Boutiques & Restaurants және MEGA Alma-Ata сауда орталықтарында;

  • Жетісу ауданында – Алматы ипподромында және Көкжиек шағынауданындағы Kokjiek Garden аумағында;

  • Медеу ауданында – «Терренкур» саябағында, «Халық Аренада», 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта, Dostyk Plaza сауда орталығында, Haragun ат клубында және Орталық мәдениет және демалыс саябағында;

  • Наурызбай ауданында – Шұғыла шағынауданындағы №221 мектеп аумағында;

  • Түрксіб ауданында – Сәкен Сейфуллин атындағы саябақта.

Мұз айдындарын желтоқсан айында ашу жоспарланып отыр. Нақты мерзімі ауа райына байланысты белгіленеді.

Тегін мұз айдындарының жұмыс кестесі

Тегін мұз айдындарында күн сайын сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін сырғанауға болады. Әр алаңда көпшілікке арналған төрт сырғанау сеансы ұйымдастырылады. Әрбір сеанс 2,5 сағатқа созылады.

  • 10:00-12:30

  • 13:30-16:00

  • 17:00-19:30

  • 20:30-23:00

Сеанстар арасындағы үзілісте мұз келесі сырғанау уақытына дайындалады. Тегін мұз айдындарына келушілер конькиімен сырғанай алады немесе конькиді ақылы түрде жалға ала алады. Конькиді жалға алу құнын қызмет көрсетуші ұйымдар белгілейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда биыл 24,5 млн тонна астық жиналды – Президент

Бүгін 16:21

Тоқаев: Азаматтардың тұрмыс сапасы шенеуніктердің көңіл күйіне тәуелді болмауы керек

Бүгін 16:15

Алматыда ЖРВИ жұқтырған балаларды ауруханаға жатқызуға арналған төсек-орын қоры ұлғайтылуда

Бүгін 16:07

350 млн теңгенің грантын талан-таражға салған: Астанада «Ғылым қорындағы» жымқыру схемасы анықталды

Бүгін 16:05

Салық кодексіне енгізілген екі жаңа түзету Жобалық кеңсенің отырысында мақұлданды

Бүгін 15:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);