AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Президент ауыл шаруашылығын қолдау бағдарламаларын...

Президент ауыл шаруашылығын қолдау бағдарламаларына талдау жүргізуді тапсырды

Саясат Бүгін 15:30 27
Президент ауыл шаруашылығын қолдау бағдарламаларына талдау жүргізуді тапсырды
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы мен ауыл тұрғындарын қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін тексеру қажеттігін айтты. Оның пікірінше, бағдарламалардың санына емес, нақты нәтижесіне басымдық берілуі керек, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бағдарламалардың тиімділігін бағалау

Президенттің айтуынша, соңғы жылдары ауыл шаруашылығын қолдау бағытында атауы әртүрлі болғанымен, мақсаты ұқсас бағдарламалар көбейген. Қазір «Ауыл аманаты», «Ауыл – ел бесігі», «Кең дала», «Береке», «Жайлау», «Игілік», «Сыбаға» және басқа да бастамалар жүзеге асырылып жатыр.

Мемлекет басшысы бұл бағдарламалардың қаншалықты тиімді орындалып жатқанын бағалау қажет екенін атап өтті.

– Бізге бағдарламаның саны емес, ауыл шаруашылығының сапалы дамығаны керек. Сондықтан Үкімет ауыл мен аграрлық секторды қолдау үшін дайындалған осындай құжаттарға жан-жақты талдау жүргізуге тиіс. Әр бағдарламаның өз мақсаты мен міндеті болуы қажет. Ең бастысы, бұл жұмыс шаруаларға түсінікті болып, ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсартуға ықпал етуі керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жобалардың нәтижелері

Президент «Ауыл – ел бесігі» бастамасының аясында былтыр 500-ге жуық ауылда жалпы құны 173 миллиард теңге болатын 921 жоба жүзеге асырылғанын айтты. Бұдан бөлек, 277 елді мекенде сумен жабдықтау жүйесі жаңғыртылған.

Алайда Мемлекет басшысы атқарылған жұмыстардың нақты нәтижесін тексеру керегін ескертті. Оның сөзінше, бұрын ресми мәліметтерде көрсетілген жетістіктерге қарамастан, кейбір мәселелер шешімін таппай қалған.

– Біз мұндай жағдайға жол бермеуіміз керек. Әр бағдарламаның нәтижесін бағалап, оның ауыл тұрғындары мен шаруаларға қаншалықты пайда әкелгенін анықтау қажет. Бұл мемлекет қаржысын үнемдеу қажеттілігіне тікелей байланысты мәселе, – деді Президент.

«Халықтық құрылыс» бағдарламасы

Мемлекет басшысы «Халықтық құрылыс» бағдарламасы ауыл-аймақтардың одан әрі дамуына жаңаша серпін беруге тиіс екенін айтты.

«Бұл орайда ауылдардың өсіп-өркендеуіне үлес қосып, тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтып отырған кәсіпорындарға айрықша назар аудару қажет. Әсіресе, ірі шаруа қожалықтары орналасқан аудандардағы инженерлік желілерді жетілдіріп, олардың сапалы жұмысына қажетті кіреберіс жолдар салу керек», - деді ол.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда агроөнеркәсіп өнімдерінің экспорты 7 млрд долларға жуықтады

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тоқаев #Ауыл шаруашылығы #бағдарламалар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Салық кодексіне енгізілген екі жаңа түзету Жобалық кеңсенің отырысында мақұлданды

Бүгін 15:30

Президент «Халықтық құрылыс» бағдарламасының міндеттерін жариялады

Бүгін 15:15

Мүгедектігі бар балаларға үй жағдайында оңалту қызметі кеңейтілді

Бүгін 15:00

Алматы декларациясының 35 жылдығына халықаралық жиын өтті

Бүгін 14:30

Алматының Жетісу ауданында 3 мың шаршы метрден астам аула аумағы көркейтілді

Бүгін 14:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);