AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда ЖРВИ жұқтырған балаларды ауруханаға жатқы...

Алматыда ЖРВИ жұқтырған балаларды ауруханаға жатқызуға арналған төсек-орын қоры ұлғайтылуда

Медицина Бүгін 16:07 33
Алматыда ЖРВИ жұқтырған балаларды ауруханаға жатқызуға арналған төсек-орын қоры ұлғайтылуда
Алматы әкімдігі

Қосымша 67 резервтік төсек-орын ашу көзделген, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

ЖРВИ мен тұмаудың маусымдық өсуіне байланысты Алматыда балаларды емдеуге арналған төсек-орын саны көбеюде. Медициналық ұйымдар медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр. Дүрбелеңге ешқандай негіз жоқ.

Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында қосымша 67 резервтік төсек-орын ашу көзделген. Осылайша, төсек-орын қоры 360-тан 427 орынға дейін ұлғаяды.

1–20 қараша аралығында аурухананың қабылдау бөлімшелеріне 14 166 өтініш түсті. Оның ішінде 2 773 бала (19,6%) ауруханаға жатқызылды. Қалған 11 393 науқасқа (80,4%) ауруханаға жатқызусыз, қабылдау бөлімшелері деңгейінде медициналық көмек көрсетілді.

Өкінішке қарай, көптеген ата-аналар емханаларға бармай, бірден стационарлардың қабылдау бөлімшелеріне жүгінеді, әсіресе амбулаториялық ұйымдар қабылдау жүргізбейтін түнгі уақытта. Бұл ауруханаларға түсетін жүктемені арттырып, дәрігердің қарауын күту уақытының ұзаруына әсер етуі мүмкін.

Медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін инфекционист-дәрігерлердің тәулік бойғы кезекшілігі ұйымдастырылды. Науқастарды қабылдау медициналық сұрыптау (триаж) қағидаты бойынша жүзеге асырылады: бірінші кезекте жағдайы аса ауыр балаларға көмек көрсетіледі.

Ауруханаға жатқызудың негізгі себептері

2026 жылдың қазан–қараша айларында ауруханада 6 482 ауруханаға жатқызу жағдайы тіркелді. Негізгі себептердің қатарында:

  • ЖРВИ — 3 422 жағдай (52,8%);

  • энтеровирустық инфекция — 1 208 (18,6%);

  • пневмония — 968 (14,9%);

  • жедел ішек инфекциялары — 341 (5,3%);

  • қызылша — 227 (3,5%);

  • менингиттер — 62 (0,9%);

  • инфекциялық мононуклеоз — 62 (0,9%).

Стационарға түсетін негізгі жүктемені ЖРВИ мен пневмония құрайды – барлық ауруханаға жатқызу жағдайларының 67,7%-ы. 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда балалар арасындағы сырқаттанушылық құрылымында елеулі өзгерістер байқалмайды. Респираторлық және басқа да инфекциялардың маусымдық өршуі жыл сайын қайталанатын сипатқа ие.

Аурухана жұмысы тұрақты бақылауда. Қабылдау бөлімшелеріне түсетін жүктемеге күн сайын мониторинг жүргізіліп, кезекші дәрігерлермен қамтылуы бақыланады және емханалармен ақпараттық өзара іс-қимыл қолдау табады.

Құрметті ата-аналар! ЖРВИ-дің алғашқы белгілері байқалған кезде тіркелген жеріңіз бойынша емханаға жүгініңіздер. Баланың жағдайы нашарлаған жағдайда дереу жедел медициналық жәрдем шақырыңыздар. Ауруханаға жатқызу тек медициналық көрсеткіштер бойынша ғана жүргізіледі. Сабыр сақтап, медициналық көмекке уақтылы жүгінулеріңізді сұраймыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда биыл 24,5 млн тонна астық жиналды – Президент

Бүгін 16:21

Тоқаев: Азаматтардың тұрмыс сапасы шенеуніктердің көңіл күйіне тәуелді болмауы керек

Бүгін 16:15

Алматының барлық сегіз ауданында 19 ашық мұз айдыны ашылады

Бүгін 16:10

350 млн теңгенің грантын талан-таражға салған: Астанада «Ғылым қорындағы» жымқыру схемасы анықталды

Бүгін 16:05

Салық кодексіне енгізілген екі жаңа түзету Жобалық кеңсенің отырысында мақұлданды

Бүгін 15:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);