Діни экстремизммен күресте ақпараттық иммунитет маңызды

Діни экстремизммен күресте ақпараттық иммунитет маңызды Сурет: jasqazaq.kz

Қазақстанда діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес – мемлекеттік деңгейде тұрақты түрде жүргізілетін бағыт. Бұл – ел қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін өзекті мәселе. Соңғы жылдары бұл бағытта кешенді бағдарламалар жүзеге асуда. Ал жастарды жат ағым ықпалынан сақтау үшін не істеу керек?

Осы сұрақ төңірегінде Алматыдағы «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің магистрі, теолог Жандәулет Сүлейменовтің пікірін назарға ұсындық.

 

Жат ағым кімдерге бағытталған?

Маманның айтуынша, діни радикалды топтардың мақсаты – қоғамның түрлі өкілдерін өз қатарларына тарту. Бұл тек тұрмысы төмендерге немесе діни білімі жоқтарға қатысты емес. Қызыл дипломмен бітірген, зайырлы жоғары білімді жастар да арбауға түсіп жатады. Әсіресе, 17 мен 28 жас аралығындағы азаматтар жиі кездеседі.

 «Сондықтан жат ағымға кімдер ереді дегенде нақты бір әлеуметтік топты бөле алмаймыз. Арбау тетігі әртүрлі: бірі – жеке трагедиядан соң, енді бірі – діни сауатсыздықтан кетіп жатады», – дейді Жандәулет Сүлейменов.

 

Ақпаратты сүзгіден өткізу – ең алғашқы қорғаныс

Теолог қазіргі жастарға ағын-талай ақпараттың әсер етіп жатқанын айтады. «Интернет кеңістігінде діни сипаттағы видеолар, жазбалар көп. Сол себепті әрбір адам ақпаратты сүзгіден өткізіп қабылдай білуі тиіс. Қарап отырсаңыз, арбалып жүрген жастардың көбі – дін ғылымының негізгі әдістемесін меңгермеген, өз бетінше ізденген жандар. Мұндай жағдайда тар, біржақты түсінік қалыптасып, діни сенімдер арасындағы келіспеушілікке әкеледі», – дейді ол.

 

«Жусан» операциясы – күрделі қадам

Маманның айтуынша, елімізде діни экстремизм мен терроризмге қарсы қабылданған бағдарламалар жүйелі жүргізіліп келеді. 2013-2017 жылдары басталған кешенді бағдарлама 2018 жылдан бері жаңартылған форматта жалғасын тапты. Бағдарлама аясында мамандар өңірлерде ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, халықпен кездесулер ұйымдастырды.

Осы бағыттағы ең ауқымды шаралардың бірі – «Жусан» операциясы. «Бұл операцияны еліміз алғашқылардың бірі болып бастады. Сириядан оралған азаматтармен жұмыс істеуге теологтар мен психологтар тартылды. Менің де өз тәжірибемде радикал көзқарастан бас тартқан азаматшалармен кездесулер болды. Олар мемлекетке алғыс айтып, жасаған таңдауы үшін өкінетіндерін ашық білдірді», – дейді Сүлейменов.

 

Идеологиялық вируспен күрес – мамандардың міндеті

Діни радикализмді теолог «көзге көрінбейтін идеологиялық вирус» деп сипаттайды. «Бактериялық вирустарды зерттеп, емдеу мүмкіндігі бар. Ал діни радикализмді тек идеологиялық әдістермен ғана тежеуге болады. Ол үшін кәсіби мамандар қажет. Қазіргі таңда «Нұр-Мүбарак» университетінде осы бағытта мамандар даярланып жатыр. Тіпті арнайы институт та құрылып, діни экстремизм мәселесін ғылыми тұрғыда зерттеуде», – дейді маман.

 

Шетел тәжірибесі не дейді?

Жандәулет Сүлейменов Түркияның «Мәрмара» университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасымен білім алған. Зерттеу барысында ол түрік моделінің ерекшелігін байқаған.

«Оларда діни ағым туралы ақпараттар жабық. Ал бізде әр өңірде дін мәселесімен айналысатын арнайы орталықтар жұмыс істейді. Түркияда құқықтық тетік басым болса, Қазақстанда ең алдымен идеологиялық тұрғыдан алдын алу жұмыстарына басымдық беріледі. Бұл – біздің артықшылығымыз», – дейді ол.

 

Ғаламтор мен желідегі насихатқа тосқауыл керек

Қазіргі таңда жат ағым идеологиясы негізінен интернет арқылы тарайды. Бұл – үлкен қауіп. Дегенмен, маманның айтуынша, елімізде белгілі бір деңгейде бұғаттау және бақылау шаралары жүргізіліп жатыр.

 «Ғаламторды шектеу арқылы қауіптің алдын алуға болады. Бірақ бұл күрес тоқтамай, үздіксіз жүріп отыруы тиіс. Сонымен қатар, жастарға балама контент ұсыну – басты назарда болуы керек», – дейді теолог.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:42

17:30

16:36

16:26

16:05

15:55

14:58

14:45

14:33

14:15

13:33

13:17

12:59

12:24

12:10

11:52

11:23

11:07

11:01

10:45

10:33

10:15

09:43

09:35

09:26