AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Мектептер мен балабақшаларда дұрыс сақталмаған сын...

Мектептер мен балабақшаларда дұрыс сақталмаған сынапты шамдар: прокуратура араласты

Заң мен тəртіп 08.12.2025, 12:28 581
Мектептер мен балабақшаларда дұрыс сақталмаған сынапты шамдар: прокуратура араласты
Сурет: ҚР Бас прокуратурасы

Жетісу облысы Алакөл ауданының прокуратурасы білім беру ұйымдарындағы қауіпті қалдықтарды сақтау, пайдалану және кәдеге жарату тәртібіне қатысты тексеріс жүргізді.

Талдау барысында бірқатар мекемелерде санитарлық талаптардың өрескел бұзылғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz. 

Қолданыстағы ережелерге сәйкес, істен шыққан сынапты шамдар арнайы, оқушылар кіре алмайтын бөлмеде сақталуы тиіс. Сондай-ақ оларды қарапайым қоқыс жәшіктеріне тастауға қатаң тыйым салынады (ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы №76 бұйрығы).

Алайда тексеріс кезінде бірнеше мектеп пен мемлекеттік балабақшада 436 дана істен шыққан сынапты лампаның ұзақ уақыт бойы қоймаларда, жертөлелерде және санитарлық талаптарда көзделмеген басқа да орындарда сақталғаны анықталды. Бұл өз кезегінде оқушылар мен қызметкерлердің денсаулығына нақты қауіп төндірген.

Прокуратураның қадағалау актісінен кейін барлық заңбұзушылықтар жойылып, қауіпті қалдықтар белгіленген тәртіппен шығарылды.

Нәтижесінде 3 458 азаматтың, соның ішінде 2 947 оқушы мен 511 қызметкердің құқықтары қорғалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сынапты шамдар #тексеріс #қауірті қалдықтар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының мәдениет күндері аясында Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті

Бүгін 22:37

Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Бүгін 22:34

Қазақстандық ғалым алғашқы болып Майкл Фуллан сыйлығын алды

Бүгін 19:18

Футболдан Бірінші лигада «Шахтер» ірі жеңіске жетті

Бүгін 19:12

Атыраулық спортшы паражүзуден Қазақстан чемпионатында үш алтын жеңіп алды

Бүгін 19:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика