AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / WhatsApp қауіпсіздікті екі есеге күшейтеді

WhatsApp қауіпсіздікті екі есеге күшейтеді

Әлеумет 08.12.2025, 11:54 469
WhatsApp қауіпсіздікті екі есеге күшейтеді
Сурет: banki.ru

WhatsApp қолданушыларға арналған қауіпсіздік пен пайдалануды жеңілдетуге бағытталған бірнеше жаңа мүмкіндікті іске қосты.

Енді WhatsApp-та экранды өз контактілеріңізде жоқ адаммен бөлісуге тырысқанда, бағдарлама арнайы ескерту шығарады. Қолданушы осы терезе арқылы әрекетті бірден тоқтата алады, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Бұл жаңалық телефонды «реттеп береміз» деген желеумен бөтен адамдардың экрандағы жеке ақпаратқа, банк қызметтеріне немесе құпия деректерге қол жеткізуіне жол бермеу үшін енгізілген.

Android жүйесіне арналған WhatsApp-тың жаңа бета-нұсқасында (2.25.34.5) жадты тазалаудың кеңейтілген құралдары пайда болды. Енді пайдаланушылар: барлық хат-хабарды толық өшіруге, тек медиафайлдарды тазалауға және жеке файл түрлерін ғана (фото, видео, құжат, аудио, стикер) жоюға мүмкіндік алады.

Өшіру алдында растау терезесі пайда болып, жұлдызшамен белгіленген маңызды хабарламаларды сақтап қалу мүмкіндігі беріледі. Бұл қажет ақпаратты кездейсоқ жойып алмауға көмектеседі. Компанияның айтуынша, жаңартылған тетік чаттарды реттеуді бұрынғыдан да қарапайым етеді. Қазіргі кезде функция шектеулі түрде ғана қолжетімді, ал жақын күндері Android қолданушыларының көпшілігіне таратылады.

Ал, 2.25.34.6 нұсқасындағы бета-тестілеу барысында Shake-to-Report деп аталатын жаңа мүмкіндік те сынақтан өтуде. Телефонды жеңіл шайқау арқылы қолданушы бірден ақау туралы хабарлау бөліміне кіре алады.

Шайқау әрекеті жасалғаннан кейін қолданба, бұл қадамды растауды сұрайды. Сондай-ақ, автоматты түрде скриншот дайындайды және құпия ақпарат бар аймақтарда скриншот алынбайды.

Функция қажет болмаса, баптаулардан өшіруге болады. Әзірлеушілер бұл жаңалық қосымшадағы мәселелерді жедел анықтауға және сервистің тұрақтылығын арттыруға көмектесетінін айтады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#WhatsApp #қауіпсіздік #күшейту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда өткен KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам келді

Кеше 18:52

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Кеше 18:28

Мемлекеттік басқаруда жаңа технологиялық мәдениетті қалыптастыру және цифрлық шешімдерді ауқымдау

Кеше 18:25

Шығармашылық индустрияны дамыту және ЖИ саласындағы кадрларды дайындау

Кеше 18:22

Жаппай цифрландыру және ЖИ енгізу елді кешенді жаңғыртудың негізгі факторларының бірі болып табылады

Кеше 18:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика