ffin.kz

Биыл Алматы облысында 2000 петроглиф анықталды

Биыл Алматы облысында 2000 петроглиф анықталды Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жаңа олжалар, волонтерлердің қатысуы және өңірлердің маңызы: қазақстандық археологтардың биылғы жылғы жұмысы туралы не белгілі


Қазақстандық археологтардың қандай маңызды жаңалықтар ашқаны жайында Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Ә. Х. Марғұлан атындағы Археология институтының ғалымдары айтып берді, деп хабарлайды  aqshamnews.kz

Биыл қазақстандық археологтар тарихи және мәдени құндылығы бар бірқатар маңызды және құнды олжаларды тапты, олардың ішінде Батыс Қазақстанда табылған V-VI ғасырларға жататын алтын сырғалар мен монеталар, Қостанай облысында қазба жұмыстары кезінде сақ кезеңінің күміс айналары, сондай-ақ Шығыс Қазақстанда табылған және ерте қола дәуіріне жататын ең көне алтын әшекейлер бар. Сонымен қатар, қыпшақ кезеңінің ескерткіштерін зерттеу кезінде мыс таңбасы бар қасық табылды, Орталық Қазақстандағы сақ кезеңінің бұрынғы қонысы табылып, зерттелді. Бұл жаңалықтардың отандық ғылым үшін де, әлемдік археологиялық қоғам үшін де маңызы зор.

 «Ә. Х. Марғұлан атындағы археология институты 2024 жылы 70 экспедицияға шығуды жоспарлап отыр.  Қазірдің өзінде 45 экспедиция аяқталды. Қазіргі уақытта Археология институты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен іргелі ғылыми зерттеулер бағдарламасын іске асыруда. Іске асыру сатысында гранттық қаржыландыру бойынша 3 ірі нысаналы жоба бар. Біріншісі – «Солтүстік Қазақстан мәдени-тарихи процестер контекстінде: тас дәуірінен этнографиялық қазіргі заманға дейін» жобасы. Екіншісі – «Қазақстан тарихындағы ғұн-сармат дәуірі: пәнаралық зерттеу, талдау және реконструкция». Сондай - ақ «Ежелгі және орта ғасырлардағы Алматы: археологиялық мұраны зерттеу және сақтау» арнайы жобасы жүзеге асырылуда», - деді Ә. Х. Марғұлан атындағы Археология институты бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты, PhD Әсемгүл Касенова.

Институттың жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Талғат Мамиров қазба жұмыстары аяқталғаннан кейін барлық артефактілер Мұқият өңделіп, консервацияланатынын атап өтті. Бұл бірнеше кезеңдерді қамтитын күрделі және көп деңгейлі процесстерден өтеді. 

 «Әрбір табылған археологиялық олжаға біз археологтар кешен ретінде қараймыз. Кез келген, тіпті ең кішкентай олжа да маңызды ақпарат беретін ыдыстың немесе бұйымның фрагменті бола алады. Одан кейін табылған ат немесе бұйым бекітіліп, жіктеледі. Егер зооархеологиялық материал табылса, ол зооархеолог мамандарға жіберіледі. Маман табылған затты мұқият зерттейді, типологияны құрастырады, іріктеу жүргізеді және талдайды. Тас құралдар, алтын, қола, мыс немесе керамикалық бұйымдар табылған жағдайда, олардың барлығы акт бойынша беріледі және институтқа келгеннен кейін технологиялар зертханасына жіберіледі. Қажет болған жағдайда консервациялау және қалпына келтіру жүргізіледі. Егер жақсы сақталған болса, мамандар оны тексеріп, өлшеулер, суреттер, фотосуреттер жасайды, 3D моделін жасайды. Ескерткіштің немесе табылған затқа қанша жыл болғанын анықтау үшін көптеген материалдар тексеріліп, тиісті шеберханаларға жіберіледі», - деді ол.

Археологтар атап өткендей, табылған заттардың саны бойынша кез-келген аймақты бөлу қиын, өйткені барлық аймақтардың өзіндік ерекшеліктері бар. Осындай өңірлердің бірі - Алматы аумағы, онда көптеген жылдар бойы қарқынды археологиялық зерттеулер жүргізіліп келеді.

 «Алматы мен Алматы облысының аумағындағы ескерткіштер кешенін анықтау және зерделеу мұнда әртүрлі тарихи дәуірлердегі ескерткіштердің өте көп шоғырланғанын көрсетеді. Бұл аумақта тас дәуірінің өзіндік мәдениетінің бар екендігі туралы көптеген дәлелдер бар. Қазір біз әріптестерімібен кейінгі палеолит дәуіріндегі археологиялық мәдениетті бөліп көрсету үшін жұмыс істеп жатырмыз. Қола дәуірі өзінің ескерткіштерімен  танымал, өйткені тау бөктеріндегі аймақ сол кезеңдегі ескерткіштерді іздеуде және табуда ерекше. Ерте металл дәуірін зерттумен айналысатын институт мамандары осы аймақта үй құрылысы, металлургия және басқа да қолөнердің дамуын көрсететін бірқатар ескерткіштерді сәтті оқшаулап, зерттеді. Ежелгі өнер туралы айтатын болсақ, 2024 жылдың өзінде  Алматы облысында 2000 петроглиф анықталды», - деді Талғат Мамиров.

Соңғы жылдары еріктілердің археологиялық экспедицияларға қатысуы танымал трендке айналды. Кез келген адам белгілі бір іріктеу кезеңдерінен өтіп, археологиялық топтың құрамына кіре алады.

«Біздің институттың есігі еріктілер үшін әрқашан ашық. Олар бізге жиі жүгінеді және бәз «Охотники за петроглифами» қоғамының еріктілерімен ынтымақтаса жұмыс істейміз. Олар бізге көп көмектеседі. Волонтерлік туралы толық ақпаратты институттың www.archeo.kz сайтынан алуға болады», - деді Әсемгүл Касенова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
1
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:43

17:13

17:12

16:43

16:09

15:49

15:10

14:44

14:14

13:43

13:13

12:44

12:12

11:41

11:11

10:43

10:36

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55