AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Сайлау-2023 / Аралас сайлау жүйесі әлем елдерінінің тәжірибесінд...

Аралас сайлау жүйесі әлем елдерінінің тәжірибесінде кеңінен қолданылады

Сайлау-2023 19.03.2023, 08:47 1,295
Аралас сайлау жүйесі әлем елдерінінің тәжірибесінде кеңінен қолданылады
Сурет: Jambylinfo.kz

Еуропада Германия, Италия, Ұлыбритания болса, көршіміз Ресей мен Грузия да осы жүйеге көшкен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 


Әлемде мажоритарлық және прапорционалдық сайлау жүйесін қатар қолданатын елдің бірі – Германия. Бұл мемлекетте аралас сайлау жүйесі 1953 жылы енгізілген. Елде бір палаталы парламент – Федералдық жиынға сайлау әр 4 жыл сайын өтеді. 598 орыннан тұратын Бундестаг мүшелерінің жартысы бір мандатты округ бойынша сайланады. Қалған бөлігі партиялық тізіммен жасақталады. Осыған сай электорат та 1 бюллетень арқылы 2 дауыс беру құқығына ие. Бірақ партиялық тізім бойынша санақ маңызды. Себебі ол парламенттегі саяси күштің үлесін анықтап, үкіметті құрылымдауға тікелей әсер етеді. Партия парламентке өту үшін 5 проценттік межені еңсеру керек.


Кәрі құрлықта сайлауда аралас жүйеге сүйенетін тағы бір мемлекет – Италия. Аппенин түбегі оған 1993 жылғы реформадан кейін көшті. Оның парламенттің қос палатасына да қатысы бар. Мысалы, 400 орындықты Төменгі палата депуттарының тек үштен бір бөлігі бір мандатты округ бойынша сайланады. Партиялар парламентке өту үшін 3 проценттік межені еңсеруі тиіс. Ал бірнеше саяси топтан құрылған одақ болса сайлаушылардың 10 процент дауысын жинауы қажет. Қос палатаға да сайлау бір уақытта өтеді. Оның мүшелері 5 жылға сайланады.


Күншығыс елінде де парламенттік сайлау осындай жолмен өтеді. Ол өткен ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап енгізілген. Оған ішкі саяси ахуал ықпал еткен. Себебі мажоритарлық сайлау жүйесінен «Либерал-демократиялық партия» үнемі жеңіске жетіп, сынға ұшырайды. Қазір парламенттің қос тармағында да аралас сайлау жүйесі қолданылады. 465 орынды Өкілдер палатасының 289 депутаты бірмандаттық округ, ал қалған 176 мүшесі прапорционалдық принцип бойынша сайланады. Бір ерекшелігі партия тізіміне енгізілген кандидат бірмандаттық округте де сайысқа түсе алады. Өкілдер палатасының мүшелері 4 жылға, ал Кеңесшілер палатасы 6 жылға сайланады. Соңғысының құрамы әр 3 жыл сайын жаңартылып отырады.


Тынық мұхитындағы Жаңа Зеландияның да аралас жүйеге көшкеніне 30 жылдай уақыт болды. 1994 жылға дейін бұл елде бір палаталы парламент мажоритарлық сайлау жүйесі бойынша өтті. Салдарынан 60 жыл бойы елді «Лейбористік» және «Ұлттық» партия билеп, шағын саяси топтар парламентке кіре алмаған. Қазір 120 орыннан тұратын бір палаталы парламенттің 72-і орыны бір мандатты округ бойынша сайланады. Қалғаны партиялық тізім бойынша таңдалады. Мұнда да партия үшін 5 пайыздық меже бар.


Ал көрші елдердің ішінде осы жүйені қолданатын мемлекеттің бірі – Қырғызстан. Айыр қалпақты ағайындар бұл жүйеге 2021 жылы көшті. Реформадан кейін Жогорку кенештің 54 депутаты партиялық тізім бойынша, қалған 36-сы бір мандатты округ бойынша сайланатын болып бекітілген. Партияның Gарламентке кіруіне қажетті меже 3-тен 5%-ке көтерілді. Әйелдерге 30 пайыздық квота сақталған. Яғни, партия 10 орынға ие болса, оның 3 мандатын әйел депутат иеленеуі тиіс.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сайлау #әлемдік тәжірибе #аралас
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне барды

Бүгін 14:25

Үлкен Алматы өзенінің арнасына интерактив арт-нысан орнатылды

Бүгін 14:04

Наурыз әлде Жаңа жыл: Қазақстандықтар осы екі мерекенің қайсысына көбірек шығындалады?

Бүгін 12:51

Алматылық балуандар U23 Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанды

Бүгін 12:30

Алматыдағы Отбасын қолдау орталығы отбасыларды сақтап, балаларды ата-анасына қайтаруға көмектесіп жатыр

Бүгін 12:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика