Статидің алаяқтығы – анықталған факт.
АҚШ соты Қазақстан Республикасының Нью-Йорк қаржыгеріне қарсы алаяқтық туралы ісі жалғасу керек деп шешті. Нью-Йорк Федералды соты Қазақстан Республикасының Нью-Йорктегі қаржыгер Дэниел Чапмэнге және оның Argentem Creek («Чапмэн») компаниясына қарсы молдовалық олигархтар Анатол мен Габриэль Статидің кең ауқымды алаяқтық схемаларындағы рөлі үшін, оның сот ісін қабылдамау әрекеттеріне қарамастан жалғасады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2022 жылғы 11 ақпанда АҚШ округтік соты (Нью-Йорктің Оңтүстік округі) Қазақстанның Чапмэнге қарсы талаптарын олар берілген Нью-Йорк штатының сотына қайтару туралы өтінішін қанағаттандырды, Чапмэннің Қазақстан талаптарын қабылдамау туралы өтінішін, талап қоюшының талап қою құқығын сақтай отырып, қабылдамай тастады, Чапмэннің Outrider талаптарын қарастырмау туралы өтінішін қабылдамады және Чапмэннің Outrider талаптарын ХСП-дағы төрелік тәртіпте қарауды мәжбүрлеу туралы өтінішін қанағаттандырды.
Бұл - Қазақстан үшін өте маңызды жеңіс. Ол Чапмэнге қарсы сот ісін бастапқыда берілген сотта қарауды жалғастыруға мүмкіндік береді. Нью-Йорктегі талап-арызда анықталғандай, Чапмэн Статидің алаяқтығын шамамен 2012 жылы анықтаған, алайда оған қарсы құқықтық шаралар қолданудың орнына ол Қазақстанды және басқа да тұлғаларды алдау мақсатында Статимен заңсыз сөз байласқан.
Статидің алаяқтығы – анықталған факт. Ол Брюссель апелляциялық сотының 2021 жылғы қарашадағы шешімімен расталды. Онда сот Статидің Қазақстанға қарсы төрелік талқылауға дейін, оның барысында және одан кейін де алаяқтық әрекеттер жасады деген қорытындыға келді.
Нью-Йорк сотының бұл шешімі АҚШ федералды сотының Чапмэннің Статидің алаяқтығына қатысуы үшін жауапкершіліктен жалтару әрекетін қабылдамаған екінші жағдай. 2021 жылы наурызда АҚШ-тың Колумбия округтік соты Чапмэннің Нью-Йорктегі сот процесіне тыйым салу туралы өтінішін қабылдамады.
Бұл ретте Вашингтон соты Чапмэннің сот Қазақстанның Стати алаяқтық жасады деген айыптауы мәні бойынша шешім шығарғаны туралы жалған мәлімдемесін қабылдамады.
Жақында тағайындалған Қазақстан Республикасының Әділет министрі Қанат Мусин бұл шешімге келесідей түсініктеме берді: «Нью-Йорк сотының бүгінгі шешімі Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы және Стати мен оның сыбайластарын жауапкершілікке тарту жөніндегі жалғасып жатқан әрекеттеріндегі қуантарлық оқиға болып табылады. Енді Чапмэннің Стати алаяқтығына қатысқандығы АҚШ сотында толығымен ашылатын болады».
Бұл шешімге қазір Қазақстан Премьер-Министрінің кеңесшісі болып табылатын бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев келесідей түсініктеме берді: «Соңғы екі жыл ішінде Чапмэн американдық соттардың Қазақстан (және Outrider компаниясы) берген талап-арыздарын мәні бойынша қарауын тоқтатуға және/немесе кейінге қалдыруға барынша тырысты. Біз американдық соттардың алдымен Вашингтонда, ал қазір Нью-Йоркте бұл әрекеттерді қабылдамағанына және енді сот біздің талаптарды одан әрі қарайтынына қуаныштымыз».
Статидің анықталған алаяқтық фактілері: бұған дейін хабарланғандай, 2021 жылғы 16 қарашада Брюссель апелляциялық соты Стати төрелікке дейін, оның барысында және одан кейін де алаяқтық әрекеттер жасады деген қорытындыға келді. Атап айтқанда, Бельгия соты Статидің Қазақстанға инвестициялары жосықсыз жасалды деп қаулы етті.
Төрелік шешім шығарылғаннан кейін жиналған Статидің алаяқтық әрекеттерін көрсететін дәлелдер төрелік сотқа белгісіз болды, өйткені олар біртіндеп, шешім шығарылғаннан кейін ғана анықталды. Нәтижесінде Қазақстан төрелік сотқа Стати инвестициясының Қазақстанға теріс пиғылда жүзеге асырғанын дәлелдей алмады.
Сот сонымен бірге мұндай жосықсыз инвестицияларға қатысты шешім алаяқтық арқылы алынды деген қорытындыға келді. Талқылау барысында ұсынылған дәлелдемелерді және тараптар ұсынған материалдарды зерттеу негізінде Стати алаяқтық және алдау деп квалификацияланатын әрекеттерді жасады және бұл әрекеттер төрелік шешімге айтарлықтай әсер етті.
Статидің бұл әрекеттері болмаса, төрелік шешім осы шығарылған күйінде болмас еді және Стати жалған деп танылған дәлелдемелерді пайдаланды. Соттың пікірінше, төрелік орнында шешімнің күші жойылмауының себебі де Статидің швед соттарын әдейі жаңылыстыруы. Төрелік сот және Свеа соты KPMG аудиторлық қорытындыларын «кері қайтарып алу» туралы шешімін назарға алған жоқ, өйткені бұл ақпарат сол кезде белгісіз еді.
Сондай-ақ, Стати швед соттарын әдейі адастырған және мақсатты түрде осы сот органдарына барлық ақпарат пен дәлелдемелер негізінде осы мәселе бойынша шешім қабылдауға мүмкіндік бермеді және нәтижесінде олар Статидің алдауын қарастыру мүмкіндігінен айырылды.
Люксембургте Статиге қатысты қылмыстық тергеу жүріп жатыр
Статидің алаяқтық схемаларының заңды салдарының бірі –алаяқтықпен алынған төрелік шешімді мәжбүрлеп орындатуға бағытталған әрекеттерінен Люксембургте алаяқтық, жалған құжат жасау және ақшаны жымқыру бойынша Статидің қылмыстық тергеуде болуы.
Нәтижесінде, 2021 жылғы 2 желтоқсанда Люксембург апелляциялық соты Статидің төрелік шешімді мәжбүрлеп орындату жөніндегі процесін қылмыстық тергеу аяқталғанға дейін тоқтатты.
Сот Қазақстан ұсынған тәуелсіз сарапшылардың қорытындыларына сүйенді.