Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Ғани Бейсембаев мәслихат депутаттарымен кездесу өт...

Ғани Бейсембаев мәслихат депутаттарымен кездесу өткізді

Білім және ғылым 04.04.2025, 16:37 620
Ғани Бейсембаев мәслихат депутаттарымен кездесу өткізді
Сурет: Gov.kz

Оқу-ағарту министрлігінің жанындағы Мәслихат депутаттарының отырысы өтті.

Барлық деңгейдегі мәслихаттардан 190-ға жуық депутат қатысатын бұл консультативтік-кеңесші орган білім беру жүйесін дамыту бағытындағы мәселелерді талқылайтын аса тиімді алаңға айналды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Өткен жылы құрылған кеңес кері байланыс орнату мен жан-жақты зерделенген шешімдер қабылдаудың тиімді тетігі ретінде маңызды рөл атқарып келеді.

Өңірлердегі халық өкілдерімен орнатылған тұрақты диалогтың арқасында министрлік өзекті сын-қатерлерге жедел ден қойып, нақты өзгерістер мен жаңашылдықтар енгізуде.

Кездесу барысында министрліктің 2024 жылы атқарған жұмыс қорытындысы таныстырылды. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, білім беру инфрақұрылымдарын жаңғырту, техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау сияқты бағыттар бойынша қол жеткізілген нақты нәтижелер мен жүйелі шаралар қаралды.

Ведомство басшысы депутаттық корпуспен өзара ынтымақтастық білім беру саласында тұрақты дамуды қамтамасыз ететінін атап өтті.

«Біз өңірлерде жиі кездесеміз, жергілікті жерлерде мәселелерді бірлесіп талқылаймыз, мұның барлығы білім беру сапасын жүйелі түрде арттыруға бағытталған практикалық қадам болып табылады. Мәслихаттар - мемлекеттік саясатты іске асырудағы біздің негізгі серіктесіміз. Бірлескен жұмыс проблемаларды анықтап қана қоймай, оларды шешуге мүмкіндік береді. Біздің ортақ міндетіміз - әрбір балаға өз әлеуетін аша алатын тең әрі қолайлы жағдайлар жасау. Бұл — біз жүйелі түрде жүзеге асырып келе жатқан негізгі ұлттық басымдық», - деді Ғани Бейсембаев.

Депутаттар жергілікті жерлердегі кейбір өзекті мәселелерге қатысты сұрақтарын қойды. Олар ашықтық, сыңдарлы диалог және нақты нәтижеге негізделген жүйелі жұмыс үшін ризашылықтарын білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін министр бірқатар өңірлерде депутаттармен кездесулер өткізген болатын. Олардың қорытындысы бойынша министрлік пен өңір халқы арасындағы көпір рөлін атқаратын мәслихаттар депутаттары кеңесін құру туралы шешім қабылданды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ғани Бейсембаев #мәслихат депутаттары #кездесу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Ұлттық ұлан әскери қызметшілері сенбілікке белсене қатысты

Бүгін 18:49

Қала тазалығы – ортақ жауапкершілік: Алматыда мәдениет саласының өкілдері сенбілікке белсенді қатысты

Бүгін 16:55

Алматылықтар «Желтоқсан» саябағында сенбілікке қатысты

Бүгін 14:45

Болашақтың саясында өткен мереке: Алматыда «Тамырлас» жобасы басталды

Бүгін 14:19

ІІМ басшысы Сәденов Алматыдағы жол апатына қатысты бірқатар мәлімдеме жасады

Бүгін 14:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика