конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Жалғау Исалиевке арналған мемориалдық тақ...

Алматыда Жалғау Исалиевке арналған мемориалдық тақта ашылды

Әлеумет 04.04.2025, 18:42 1,007
Алматыда Жалғау Исалиевке арналған мемориалдық тақта ашылды
Суреттерді түсірген - Қ.Қоныспаев

Алматы қаласында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, медицина ғылымдарының кандидаты, профессор, еліміздегі акушерлік-гинекология саласының негізін қалаушылардың бірі Жалғау Шәкірұлы Исалиевке арналған мемориалдық тақтаның ашылу салтанаты өтті. Бұл туралы Aqshamnews.kz сайты хабарлайды.

Мемориалдық тақта ол көп жылдар бойы еңбек еткен Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының қабырғасына орнатылды. Салтанатты шара орталықтың 50 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.

Жалғау Исалиев – Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыруға елеулі үлес қосқан ірі тұлға. Ол Қазақ акушерлік және гинекология ғылыми-зерттеу институтының алғашқы директоры, көптеген буын дәрігерлердің ұстазы болған.

Салтанатты шарада сөз сөйлеген Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова Исалиевтің медицинаға сіңірген еңбегін жоғары бағалап, бұл бастаманың ғылыми орталық ұжымының ұсынысы екенін ерекше атап өтті.

Алмалы ауданы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Батай Қабылов пен ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов та Исалиевтің кәсіби және адамгершілік қасиеттерін атап өтті.

Жалғау Шәкірұлының жұбайы, медицина ғылымдарының кандидаты Сара Рахманқұлқызы барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, марқұм жұбайының өмірлік ұстанымы – "адам – мемлекеттің басты байлығы" екенін еске салды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жалғау Шәкірұлы #Қоғам қайраткері #профессор
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда бір палаталы Құрылтай жұмыс істей бастайды

Бүгін 09:49

Жаңа Конституция – жасампаз әрі озық Қазақстанның негізі

Бүгін 09:46

Алматыда бір тәулікте 1 357 жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі анықталды

Бүгін 09:27

Канье Уэсттің концерті басталуына санаулы минуттар қалды

Кеше 20:48

Алматы және Алматы облысындағы тұтынушылардың электрмен жабдықталуы қалпына келтірілді

Кеше 20:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);