Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының энергетикасы – болашақтың кепілі

Алматының энергетикасы – болашақтың кепілі

Әлеумет 29.11.2024, 16:40 1,237
Алматының энергетикасы – болашақтың кепілі
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматы қаласының электр желілерін дамыту: 2030 жылға дейінгі жоспар

Алматы – еліміздің ең ірі қаржы-экономикалық және мәдени орталығы, халықтың өмір сүру деңгейін арттыру бойынша көптеген маңызды міндеттерді орындайтын мегаполис. Осы орайда, қала энергетикалық инфрақұрылымды жаңғыртуды қажет етеді, өйткені электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен сапасына қойылатын талаптар жылдан жылға артып келеді.

Қазіргі уақытта Алматы қаласының энергетикалық инфрақұрылымы келесі көрсеткіштермен сипатталады:

  • Жалпы қуаты 2250 МВА болатын 220 кВ кернеулі 5 қосалқы станция;
  • Жалпы қуаты 3582 МВА болатын 110 кВ кернеулі 49 қосалқы станция;
  • Жалпы қуаты 405,7 МВА болатын 35 кВ кернеулі 20 қосалқы станция;
  • 8,6 мың шақырымнан асатын электр желілері.

Электр тұтыну қуаты жыл сайын артып келеді. Егер қазір Алматы қаласының тұтыну қуаты 982 МВт құраса, 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш 468 МВт-қа артып, 1450 МВт-қа жетеді. Ал 2040 жылға қарай тұтыну қуаты 1700 МВт-қа дейін өседі деп болжануда.

Қаланың энергетикалық инфрақұрылымын дамыту үшін Алматы қаласының әкімдігі 2030 жылға дейін және 2040 жылға дейінгі перспективалық электр желілерін дамыту жоспарын әзірледі. Жоспар аясында келесі міндеттер қойылған:

  • Жаңа қосалқы станцияларды салу;
  • Қолданыстағы электр желілерін жаңғырту және қайта құру;
  • Ауа желілерін кабельдік желілерге ауыстыру;
  • Жаңа тұтынушыларды қосу шектеулерін жою.

Бұл іс-шаралар тұтынушыларды сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етуге, тұрғындардың қауіпсіздігін арттыруға және пайдалану шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, әуе желілерінің қорғау аймақтарында орналасқан жер учаскелерін босату арқылы қаланың аумағын тиімді пайдалану жүзеге асырылады.

Электр желілерін дамыту схемасын бекіту:

  1. Қажетті электр энергиясы көздерінің жеткіліктілігін анықтауға мүмкіндік береді.
  2. Электр желілерін жаңадан пайда болатын және қуатын арттыратын тұтынушыларға бейімдеу үшін жұмыстар көлемін нақтылауға жол ашады.
  3. Техникалық нормативтік мерзімі өткен желілердің пайызын төмендету үшін қайта құру жұмыстарын жоспарлауға мүмкіндік береді.
  4. Қажетті капитал салымдарының көлемін және қаржыландыру көздерін айқындайды.

Бұл бағдарламаны жүзеге асыру Алматы қаласының энергетикалық инфрақұрылымын жаңғыртып, тұтынушылардың сұранысын қанағаттандырып қана қоймай, мегаполистің тұрақты дамуын қамтамасыз етеді. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #энергетика #бағдарлама
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда салынып жатқан әкімшілік ғимараттың шатыры өртенді

Бүгін 16:00

Қазақстанның бірқатар өңірінде көшкін қаупі әлі де жоғары

Бүгін 15:08

Қызылордада 121 адамды алдаған интернет-алаяқ сотталды

Бүгін 14:10

Испанияда эвтаназия құқығына қол жеткізген 25 жастағы қыз көз жұмды

Бүгін 12:30

Ресейдегі жаппай төбелеске қатысты СІМ жаңа мәлімет таратты

Бүгін 11:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика