Президент Зүлфия Сүлейменованы қабылдады

Президент Зүлфия Сүлейменованы қабылдады   Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президентінің кеңесшісі – Халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Зүлфия Сүлейменованы қабылдады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Мемлекет басшысына Баку қаласында өткен БҰҰ климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясына қосылушы тараптардың 29-конференциясының басты қорытындылары туралы мәлімет берілді.

Президентке 3 желтоқсан күні Эр-Рияд қаласында өтетін One Water Summit халықаралық іс-шарасына әзірлік барысы баяндалды. Аталған саммит Қазақстан мен Францияның төрағалығымен, сондай-ақ Дүниежүзілік банктің және Сауд Арабиясының қолдауымен ұйымдастырылады.

Президент Қазақстанның экология, су ресурстары және биоалуантүрлілікті сақтау бағытындағы бастамаларын сапалы іске асыруды тапсырды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:18

16:19

15:05

14:45

14:20

13:05

12:05

11:47

11:10

10:36

10:05

17:55

17:36

17:20

17:17

17:04

16:57

16:39

16:19

16:02

15:50

15:38

15:28

15:16

15:11