Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының білім беру экожүйесін дамыту жолында

Алматының білім беру экожүйесін дамыту жолында

Әлеумет 18.05.2025, 16:17 881
Алматының білім беру экожүйесін дамыту жолында
сурет: баспасөз басқармасынан

Бүгін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Алматы қаласы Білім басқармасының қолдауымен «Сабақты зерттеу арқылы оқу мен оқытуды дамыту» (Improving Teaching and Learning Through Lesson Study) атты II қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шараға 300-ден астам жетекші ғалымдар, тәжірибелі педагогтер, білім беру ұйымдарының басшылары мен болашақ мұғалімдер қатысты.

Конференция тәжірибе алмасуға, үздік практикаларды талқылауға және ғылыми зерттеулерді мектептегі күнделікті тәжірибеге енгізуге арналған алаң болды. Қатысушылар өз назарын сабақтың тиімділігін арттыруға бағытталған «Lesson Study» әдістемесіне аударды.

«Алматы қаласының орта білім беру ұйымдарында озық тәжірибемен алмасу, жетістіктерді саралау және Lesson Study әдістемесін қолдану перспективаларын анықтау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2013 жылдан бастап қала мұғалімдерінің тәжірибесінде мақсатты зерттеулер жүзеге асырылып келеді. Қазіргі уақытта 32 жетекші мектеп бекітіліп, тренерлер дайындалды. Олар Lesson Study әдісі арқылы оқытуды жақсарту мәселелерін талқылауға қатысып, әріптестерімен тәжірибесін бөлісуде», – деді Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының (ҚББЖТҒӘО) директоры Дәурен Сағынғалиев.

Оның айтуынша, мектепті зерттеушілер қауымдастығының қоржынында 200-ден астам зерттеу жұмыстары жинақталған. Бұл нәтиже мегаполис педагогтерінің ерекше қызығушылығын тудырып отыр. ПедагогтердіңLesson Study әдісін жүргізу тәжірибесімен бөлісуі, әдістемелік ресурстар мен өзекті ақпараттарға қол жеткізуі үшін барлық жағдай жасалған.

«Білім басқармасы тарапынан қаладағы білім сапасын арттыру мақсатында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр және оның оң нәтижелері де бар. Біз бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі күшейтіп, білім беру сапасын арттырудыжалғастырамыз», – деп атап өтті Дәурен Сағынғалиев.

Конференция жұмысы бірнеше секциялар мен постерлік галерея форматында жалғасты. Онда мұғалімдер мен студенттердің зерттеу нәтижелері мен практикалық жұмыстары ұсынылды. Ауқымды шара барысында «Мұғалім тәжірибесіндегі үздік сабақ зерттеу үлгілері», «Инклюзивті ортадағы оқыту процесін жетілдірудегі сабақты зерттеу тәжірибесі» сынды бағыттарға басымдық берілді.

Әдістемелік орталық басшысы Дәурен Наурызбайұлы атап өткендей, мұндай іс-шаралар бірлескен білім беру жобаларын іске асыруда, болашақ педагог кадрларды даярлау сапасын арттыру жолдарын іздестіруде оң рөл атқарады. Бұл бағыттағы конференциялар Алматы қаласының білім беру экожүйесін дамыту мен әріптестікті нығайтуда жаңа мүмкіндіктерге жолашады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#университет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика