Көгілдір отын қаламызды 99,3 пайыз қамтиды
Мемлекет басшысы газ саласын дамытуға ерекше назар аударып, дамудың жаңа кешенді жоспарын әзірлеуді тапсырған болатын. «QazaqGaz» Ұлттық компаниясында биыл Геологиялық барлау және күрделі құрылыс жылы болып жарияланды. QazaqGaz командасының үйлесімді жұмысының, «Самұрық-Қазынаның», Энергетика министрлігінің, Үкімет пен серіктестерінің қолдауымен алда тұрған негізгі міндеттерді іске асыруда маңызды қадамдар жасалуда.
Біздің қаламызға алғаш көгілдір отын 1961 жылы келген екен. Содан бері алпыс төрт жылға жуықтапты. Бүгінде қаламызды газбен қамту 100 пайызға жақын қапты, 99,2%. Бұл ретте «QazaqGaz» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның сүбелі үлесі бар.
Геологиялық барлау маңызға ие
«Тұтынушыларды газбен үздіксіз қамтамасыз ету – біз үшін әрдайым басым міндет. Ең жоғары жүктеме кезінде, мысалы, қатты аязды күндері тұрғындарға тұрақты газ жеткізуге өз ресурсымыз жеткілікті. Қажет болған жағдайда, жалпы көлемі шамамен 4 млрд текше метр газ болатын өзімізге қарасты жерасты газ қоймаларындағы (ЖГҚ) газ қорының есебінен қосымша қамтамасыз ете аламыз», – деп мәлімдеген болатын «QazaqGaz» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов.
QazaqGaz күзгі-қысқы кезеңді алаңсыз өткізу ойлаған ұлттық компания жыл сайын наурыз айынан бастап жылыту маусымына дайындықты бастайды. Қыс мезгілінде ірі газ жеткізушілерінің кен орны не газ өңдеу зауытында қандай да бір кезектен тыс жөндеу жұмысы бола қалған жағдайда қосымша газ көлемін алу үшін «Газпроммен» қосымша газ көлеміне споттық келісім-шарт жасалады. Оған қоса, қоса, еліміздің оңтүстік өңірлеріне Өзбекстан арқылы газ транзитінің баламалы бағыттары қарастырылуда.
Ұлттық компания газды үнемді тұтыну қағидатын қалыптастыруға күш салуда. Осыған орай, тиісті заң мен тұтыну нормативіне түзетулер енгізу қарастырылуда. Былтырғы 8 қазанда Парламент Мәжілісінде тиісті заң жобасының таныстырылымы болды. Бұл құжат биылғы І тоқсанының соңына дейін түпкілікті бекітілуі тиіс.
QazaqGaz бен халықаралық геологиялық барлау компаниялары арасында бірқатар ірі келісімдерге қол қойылды. Ішкі нарықта газды тұтыну көлемі қарқынды артып келеді. Компания геологиялық барлауға баса мән беруде. Кейінгі екі жыл көлемінде газ қоры бар 23 әлеуетті учаске қаралса, соның 15 учаскесі QazaqGaz-ға бекітіліп берілген. Әлбетте, бұл ретте инвесторларды тарту арқылы геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу талап етіледі.
QazaqGaz Энергетика министрлігімен бірлесіп, «Әлеуметтік әмиян» қанатқақты сервисін іске қосты. Жоба Шымкент қаласы мен Батыс Қазақстан облысында атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) пен тұрғынжай көмегін (ТК) алатын азаматтарды қолдауға бағытталған. Аталған өңірлердің АӘК және ТК алып жүрген тұрғындары eGov Mobile қосымшасының көмегімен табиғи газға 24 пайызға дейінгі жеңілдікті пайдалана алады. Сынақ кезеңінен кейін бұл жоба бүкіл елге таратылады.
Саланы цифрландыруға мән берілуде
«Ақылды» есептегіштерді орната отырып, тарату желісі мен абоненттерді цифрландыру белсенді түрде жүргізілуде. Цифрланған абоненттер интерактивті картадан көрінеді. Соның көмегімен газды қалыпты тұтынбайтын абоненттердің орналасқан орнын анықтауға, есептегіштің көрсеткішін жинауды бақылау мен газды есепке алудың ашықтығын арттыруға болады.
Алдағы уақытта жасанды интеллектіні қолдана келе, осы жүйе бүкіл елге енгізіледі. Бұрнағы жылы компания тұрғын үйлерге газ беру үшін eGov.kz арқылы онлайн-өтінім жүйесін енгізді. Бұл азаматтардың аталған қызметке қолжетімділігін жақсартуға мүмкіндік берді. Қазір техникалық шартты беруге өтінімдердің 46 пайызы онлайн-платформа арқылы алынады. Мұның өзі абоненттердің газға қосылу үдерісін айтарлықтай жеңілдетті.
Компанияның басты құндылығы – оның мамандары. Мамандарды оқыту мен ұдайы тағылымдамадан өтуі серіктестерден әлемдік озық тәжірибені үйрену. Компанияда Eni-мен ынтымақтастық күшейіп, қызметкерлерге арналған курстар сериясы өткізілді. Бұған қоса, QazaqGaz-да газ саласының бейінді мамандарының біліктілігін арттыру мен оларды кәсіби қайта даярлаудың бірыңғай корпоративтік орталығы – Оқу орталығы құрылды. Solar Turbines, Baker Hughes тәрізді шетелдік компаниялармен ынтымақтастық орнату жоспарда. Мақсат – ғылымды, инновация мен өндірісті интеграциялау, газ саласында отандық ғылымды коммерцияландыруды дамыту.
Керек дерек
2025 жылы еліміздің 12 млн 400 тұрғыны газбен қамтылды.
Былтыр Мемлекет басшысының тапсырмасымен елдімекендері газдандыру деңгей артып, 1700 шақырымдық желі жаңартылды, 300 мыңнан астам адам көгілдір отынмен қамтамасыз етілді.
2025 жылы мемлекет 7 елдімекенді газдандыруға арналған 45 жобаны іске асыруда 65,3 млрд теңге бөлді. Бұл – газдандыру деңгейін 6 пайызға артыру. Сондай-ақ, 12,4 млн-нан астам адам газға қол жеткізеді
АЛМАТЫДАҒЫ АЛАУ
«Газдандыру еліміздің халықаралық экологиялық міндеттемелерді орындауына ықпал етеді. Осы жылы Qazaqgaz бір маңызды жоба – Алматы қаласында 2-ші, 3-ші жылу энергетикалық орталықтары (ЖЭО) үшін сыртқы газ инфрақұрылымын салуды аяқтады. Ол мынадай төрт нысанның құрылысын қамтыды: 2-ЖЭО мен 3-ЖЭО-да екі автоматты газ тарату стансасы, TIP-04 жалғастырғыш газ құбыры мен «Алматы – Байсерке – Талғар» магистральдық газ құбырының екінші желісі. Бұл қарышты қадам бизнесті дамыт мен өңірде жаңа жұмыс орындарын құруға мультипликативтік әсер етеді. Алматы жылу-электр орталықтарын көмірден газға ауыстыру өңірдегі экологиялық жағдайдың жақсаруына тікелей ықпалын тигізеді», – деді жыл қорытындысын жасаған «QazaqGaz» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов.
«Ақшамның» анықтамасы
Алматы қаласы мен қала маңындағы ауданды газбен қамту (газ тарату жүйесі) мына аумақтарда: «Орбита» АГРС («Алғабас» шағынауданы), ГРС-1 (Шапағат шағын ауданы), ГРС-2 («Көкжиек» шағынауданы), AГРС-ЗTK, АГРС-Талғар, «Байсерке» АГРС-те жүзеге асырылады. Газ құбырлары мен құрылыстарына келер болсақ, жоғары, орташа және төмен қысымды газ құбырларының жалпы ұзындығы – 5770 км. Соның ішінде жоғары қысым – 144 км, орташа қысым – 994 км, төмен қысым – 4632 км. Гидравликалық жару қондырғысының саны – 75 бірлік. ШГРП саны – 1767 бірлік. Биылғы 5 қаңтардағы тұрмыстық тұтынушы саны – 490 799. Оның 313 556-і – ұжымдық сектор, 177 243-і – жеке. КБП – 10 265, өнеркәсіп кәсіпорындар – 951, ТЭК – 19.