AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда алғаш рет Еуропалық стоматологтар форумы...

Алматыда алғаш рет Еуропалық стоматологтар форумы өтті

Барлығы 06.05.2025, 15:41 738 dulatbekova
Алматыда алғаш рет Еуропалық стоматологтар форумы өтті
Сурет: Gov.kz

Алматыда алғаш рет Дүниежүзілік стоматологтар Федерациясының Еуропалық секциясының Пленарлық отырысы өтті.

Форумға 48 елден 110 делегат қатысты. Бұл салалық жиын Еуропа мен Орталық Азия елдеріндегі стоматология саласының даму мәселелерін талқылайтын маңызды алаңға айналды.

Қатысушылар ауыз қуысы ауруларын диагностикалау мен емдеуде инновациялық технологияларды қолдану, клиникалық практиканың түрлі аспектілері, күрделі жағдайларда жасалатын хирургиялық араласулар мен профилактика шараларының заманауи тәсілдерін талқылады.

Жиынның ашылуында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова құттықтау сөз сөйледі. Ол стоматологияның қоғамдық денсаулықты қалыптастырудағы маңызды рөлін атап өтті.

«Стоматологиялық мәртебе – ағзаның жалпы жағдайының негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады және соматологиялық сырқаттанушылықты азайтуға бағытталған шаралар жүйесін әзірлеу – ұлт денсаулығын жақсарту бағдарламаларының ажырамас бөлігі болып табылады», – деп атап өтті ведомство басшысы.

Министр барлық стоматолог дәрігерлерді, ең алдымен, профилактикалық шаралар арқылы ауру деңгейін төмендету үшін күш біріктіруге шақырды.

Өткен жылдан бастап республикада мектеп жасындағы балалардың арасында стоматологиялық аурулардың жүйелі профилактикасына бағытталған бағдарлама іске қосылды. Мақсаты – ерте кезеңде ауруларды анықтау және динамикалық бақылау арқылы стоматологиялық аурулардың таралуын 10%-ға азайту, сонымен қатар, балалар үшін стоматологиялық көмектің қолжетімділігін 80%-ға дейін арттыру.

Қазақстанда стоматология – шетелдің алыс-жақын елдерінен медициналық туристерді тартатын ең қарқынды дамып жатқан медициналық салалардың бірі.

Бүгінде Қазақстанға тіс емдеу, пародонт тіндерін қалпына келтіру, денталдық имплантаттау және протездеу үшін АҚШ, Германия, Иран, Ресей және ТМД елдері сияқты 37 елдің азаматтары келуде, бұл – еліміздегі стоматологиялық көмектің жоғары сапасының айқын дәлелі.

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Еуропалық стоматологтар #форум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);