конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда айыппұл төлемегендердің көлігін тартып ал...

Алматыда айыппұл төлемегендердің көлігін тартып алады

Әлеумет 20.09.2021, 10:02 837
Алматыда айыппұл төлемегендердің көлігін тартып алады
Сурет: Kokshetau.asia

«Борышкер» жедел алдын алу іс-шарасы жүргізіліп жатыр.


Алматы полицейлері айыппұл төлемейтіндерге қатысты іс-шара басталғанын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ішкі істер министрлігінің ресми сайтындағы мәлімет бойынша, «құқық бұзушылыққа нөлдік төзбеушілік» қағидасын жүзеге асыру, бұзушылық үшін жазаның міндетті түрде болатынын және әкімшілік айыппұлдарды өндіру тиімділігін арттыру мақсатында Алматы полициясы «Борышкер» жедел алдын алу іс-шарасын жүргізуде. Жол қозғалысы көп жерлерде іс-шараны өткізуге жол-патрульдік полициясының автокөлік экипажы қатысады. Әкімшілік айыппұлдар бойынша берешегі бар борышкерлерді автоматты түрде есептейтін «ЖҚҚ» ААЖ және «Сергек» АӨК де қолданылады.



«Жоспарланған кезеңдік іс-шара шектеулері бар адамдар мен көлік құралдарын анықтауға, сондай-ақ, әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс бойынша міндеттемелерді ерікті түрде, заңмен белгіленген мерзімде орындамаған адамдарды анықтауға бағытталған. Қозғалып келе жатқан көлік ағынының арасында жүйе құқық бұзушының көлігін анықтайтын болса, инспектор көлікті тоқтатады және тоқтау себебін түсіндіреді. Содан кейін құқық бұзушының көлігі мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылады. Тұру орнында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне сәйкес тәркілеу хаттамасы жасалады. Мұндай әкімшілік шаралар құқық бұзушылардың заңды міндеттемелерді уақытында орындауына тиімді әсер етеді деп есептеймін», – деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұрлан Аманбек.



Сондай-ақ, іс-шараға өңірлік жеке сот орындаушылар палатасының сот орындаушылары мен Алматы қаласы прокуратурасының қызметкерлері қатысады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #полиция #жол
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – дастан» атты ауқымды мерекелік концерт өтті

Бүгін 11:34

Алматының коммуналдық қызметтері нөсер жаңбырдың салдарын жедел түрде жойды

Кеше 20:52

Иранда аятолла Әли Хаменеимен қоштасуға арналған аза тұту рәсімдері басталды

Кеше 17:50

Алматыдағы сенбілікке 2,4 мың адам қатысты

Кеше 15:41

Жаңа Конституцияны диалог пен шығармашылық арқылы жүзеге асыру: Алматыда ауқымды жастар науқаны өтіп жатыр

Кеше 15:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);