AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстанда америкалық авиация университетінің фил...

Қазақстанда америкалық авиация университетінің филиалын ашу жоспарлануда

Білім және ғылым Бүгін 10:05 32
Қазақстанда америкалық авиация университетінің филиалын ашу жоспарлануда
ҚР Көлік министрлігі

Университеттің авиациялық білім беру бағдарламалары халықаралық аккредиттеуден өткен, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Көлік министрі Әсел Жанасова АҚШ-тың мемлекеттік жоғары оқу орны – Kent State University делегациясымен жұмыс кездесуін өткізді. Делегацияны университеттің атқарушы вице-президенті әрі проректоры Мелоди Танкерсли басқарды.

Кездесу барысында тараптар авиациялық білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылап, Kent State University филиалын Қазақстанда ашу жөнінде келісімге келді.

Kent State University – авиация саласы үшін мамандар даярлауда мол тәжірибесі бар америкалық университеттердің бірі. Университеттің авиациялық білім беру бағдарламалары халықаралық аккредиттеуден өткен. Сонымен қатар, оқу орнының жеке әуежайы мен оқу-жаттығу әуе кемелерінің паркі бар.

Жаңа білім беру орталығы тек Қазақстанның ішкі еңбек нарығына ғана емес, тұтастай Орталық Азия өңіріне қажетті ұшқыштарды, инженерлік-техникалық мамандарды және әуе қозғалысын басқару қызметінің диспетчерлерін даярлауға бағытталмақ.

Көлік министрлігінің басшысы авиация саласы үшін білікті кадрлар даярлау және оқытудың озық халықаралық стандарттарын енгізу Қазақстанды өңірдегі жетекші авиациялық хабқа айналдыру міндетін іске асырудың негізгі шарттарының бірі екенін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен білім беру бастамаларын жүзеге асыруға өзара мүдделілік танытып, жобаны егжей-тегжейлі пысықтау жұмыстарын сарапшылық деңгейде жалғастыруға келісті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қарулы күштердің 1500-ден астам сарбазы әскери ант қабылдады

Кеше 18:00

Астанада конкурдан FEI Әлем кубогының Еуразия лигасы финалы басталды

Кеше 17:04

Маңғыстауда есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды

Кеше 16:05

Таразда «ASPARA FASHION DAY 2026» халықаралық сән іс-шарасы өтіп жатыр

Кеше 15:20

Алматыда фристайл бойынша әлем кубогының кезеңі қайтадан өтпейді

Кеше 14:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);