AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қарулы күштердің 1500-ден астам сарбазы әскери ант...

Қарулы күштердің 1500-ден астам сарбазы әскери ант қабылдады

Әлеумет Бүгін 18:00 56
Қарулы күштердің 1500-ден астам сарбазы әскери ант қабылдады
ҚР Қорғаныс министрлігі

Жас сарбаздар жиналған қауым алдында хормен «Ана» әнін орындап, кештің шырайын кіргізе түсті, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Арнайы операциялар күштерінің, Десанттық-шабуылдау әскерлерінің және Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшілері әскери ант қабылдады.

Салтанатты рәсімге қолбасшылық өкілдері, қоғам қайраткерлері, Қарулы күштердің ардагерлері, сондай-ақ жауынгерлердің ата-аналары мен жақындары қатысты.

Жас сарбаздар әскери борышын адал атқаруға, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қорғауға ант берді.

Десанттық-шабуылдау әскерлері сапында Қонаев, Талдықорған және Алматы гарнизондарының 1300-ден астам әскери қызметшісі ант қабылдады.

Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Раджан Жанысов атап өткендей, әскери ант қабылдау – бұл жай ғана салтанатты рәсім емес, ол ел мен халық алдындағы жауапкершілікті саналы түрде сезіну.

– Бүгін әрқайсыңыз әскери борышты абыроймен атқаруға, Отанға адал болуға және оның мүддесін қорғауға ант бердіңіздер. Әскери анттың шынайы құндылығы, ең алдымен, күнделікті іс-әрекетте, тәртіп пен жауапкершілікте және қарулас жолдасыңа қолдау көрсетуге әрдайым дайын тұруда көрініс табады, – деді ол.

Ақмола гарнизонында өткен салтанатты шараға Ақмола облысы Қараөткел ауылының тұрғыны, «Алтын алқа» иегері Балбақыт Исмағұлова арнайы келді. Бұл жерде оның үшінші немересі Қалижан Айтмағамбет ант қабылдады.

– Барлық ұлдарым әскер қатарында борышын өтеген, енді олардың жолын немерелерім жалғастырып келеді. Үлкен немерем Сарыөзек гарнизонында қызмет етіп, кейін сонда келісімшарт бойынша қалды. Бұл әскери бөлімге осымен екінші рет келіп тұрмын. Былтыр мұнда екінші немерем ант қабылдаса, бүгін міне үшінші немерем Отан алдында серт берді, – деді көпбалалы ана.

Ақтау гарнизонында Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарынан шақырылған 180-ге жуық сарбаз әскери ант қабылдады. Жас сарбаздар жиналған қауым алдында хормен «Ана» әнін орындап, кештің шырайын кіргізе түсті.

Матрос Даниял Маратов үшін әскери ант қабылдау, отбасылық дәстүрдің жалғасына айналды.

– Әкем 25 жылдан бері Әскери-теңіз күштерінің қатарында қызмет етіп келеді. Мен де әке жолын жалғастыруды ұйғардым. Оның сенімін ақтап, әскери борышымды абыроймен өтеуге бар күшімді саламын, – деп өз ойымен бөлісті.

Ал Алматыда Шымкент қаласынан шақырылған жас десантшы Давид Кастеллио  ант қабылдау рәсімінен кейін сүйіктісі Анастасияға үйленуге ұсыныс жасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада конкурдан FEI Әлем кубогының Еуразия лигасы финалы басталды

Бүгін 17:04

Маңғыстауда есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды

Бүгін 16:05

Таразда «ASPARA FASHION DAY 2026» халықаралық сән іс-шарасы өтіп жатыр

Бүгін 15:20

Алматыда фристайл бойынша әлем кубогының кезеңі қайтадан өтпейді

Бүгін 14:23

Алматыда DEAF MADE – 2026 республикалық инклюзивті фестивалі өтті

Бүгін 13:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);