AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Астанада хореографиялық оқу орындарының «Temps lié...

Астанада хореографиялық оқу орындарының «Temps lié» IV халықаралық фестивалі ашылды

Мәдениет Бүгін 11:06 35
Астанада хореографиялық оқу орындарының «Temps lié» IV халықаралық фестивалі ашылды
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Фестивальдің алғашқы күнінде «Раушан гүлі мен көбелектің романы» балетінің көрсетілімі болды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Астанада кәсіби хореографиялық оқу орындарының «Temps lié» IV халықаралық фестивалі ашылды. Фестивальге жетекші балет мектептері, хореография өнерінің белгілі қайраткерлері мен түрлі елдерден келген жас өнерпаздар жиналды.

Фестивальді биыл құрылғанына 10 жыл толған Қазақ ұлттық хореография академиясы ұйымдастырды.

Ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевтың құттықтау хаты оқылды. Онда министр фестивальдің жас әртістердің кәсіби қалыптасуына, тәжірибе алмасуға және хореография саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға елеулі үлес қосатынын атап өткен. Сондай-ақ жас дарындарды қолдау мен отандық балет мектебін одан әрі дамытуға ерекше мән берілді.

Фестивальге қатысушылар мен қонақтарға құттықтау сөзін Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры Бибігүл Нүсіпжанова мен CNPC Central Asia Ltd. бас директоры Ли Шуфэн де арнады.

Фестивальдің алғашқы күніндегі басты оқиға Astana Ballet театрында «Раушан гүлі мен көбелектің романы» балетінің көрсетілімі болды.

Мариус Петипа ХХ ғасырдың басында ойластырған бұл туынды сол кезде сахналанбай қалған. Академияның көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратованың бастамасымен, хореограф Василий Медведевтің қатысуымен балет сақталған тарихи материалдар негізінде сахнаға жол тартты. Қойылымға Академияның 130-ға жуық білім алушысы қатысты.

21 қарашада фестиваль Қытай, Ресей, Қазақстан, Бразилия, Мажарстан, Моңғолия, Қырғызстан және Өзбекстанның хореографиялық оқу орындарының өкілдері қатысатын гала-концертпен жалғасады.

Фестиваль 22 қарашада қазақстандық хореография мектебі дәстүрінің сабақтастығына арналған «Академия түлектерінің жұлдызды жолы» гала-концертімен аяқталады.

«Temps lié» фестивалі хореография саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, кәсіби тәжірибе алмасуға және жас таланттарды қолдауға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда америкалық авиация университетінің филиалын ашу жоспарлануда

Бүгін 10:05

Қарулы күштердің 1500-ден астам сарбазы әскери ант қабылдады

Кеше 18:00

Астанада конкурдан FEI Әлем кубогының Еуразия лигасы финалы басталды

Кеше 17:04

Маңғыстауда есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды

Кеше 16:05

Таразда «ASPARA FASHION DAY 2026» халықаралық сән іс-шарасы өтіп жатыр

Кеше 15:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);