Алматы қалалық Ардагерлер кеңесі АЭС салуға қатысты үндеу жасады

Алматы қалалық Ардагерлер кеңесі АЭС салуға қатысты үндеу жасады aqshamnews.kz

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің экономикалық және әлеуметтік-мәдени дамуының жаңа парадигмасын жүзеге асыруға бағытталған. Жолдаудың ережелері мен қорытындылары – халықтың әл-ауқатын арттыруға арналған бағдарламалық құжат. Сондықтан, біз, бүкіл Қазақстан халқы, Мемлекет басшысының тың идеялары мен бастамаларын қолдаудың тиімді шараларын қабылдауға тиіспіз.

Жолдаудағы маңызды мәселелердің бірі – республикада АЭС салуға қатысты референдум өткізу шарасы.

АЭС салынуы ел экономикасының дамуына септігін тигізеді. Қазіргі таңда дүние жүзіндегі 50-ден астам мемлекет АЭС-ті пайдалануда, 400-ден астам ядролық реактор дүние жүзіндегі энергияның тоғыз пайызын өндіреді, 16 елде 60-қа жуық жаңа реактор салынуда.

АЭС құрылысы энергетикалық және экологиялық мәселелерді шешіп қана қоймай, ғылымды дамытуға, сондай-ақ жаңа технологиялар мен білім беру бағдарламаларын енгізуге мүмкіндік ашады. Ядролық энергетиканы зерттеушілер атом энергиясын тұтынудың жыл сайын 3 пайызға артып отырғанын атап өтті. Сонымен қатар, өнеркәсіптің, құрылыстың, көліктің және ел экономикасының басқа да салаларының белсенді дамуына байланысты республикада энергия көздерінің үлкен тапшылығы күтілуде. Еліміздегі энергияның 70 пайызы көмір станцияларынан алынатынын ескерсек, бұл бастама аса қажетті шара. Бұл – дамуымыздың көкжиегін кеңейтетін, қоршаған ортаның тазалығы мен энергия тапшылығы мәселесін шешудің тиімді жолдарының бірі.

Халқымызда «Шегірткеден қорыққан егін екпейді» деген нақыл сөз бар. Бұл түсінік бүгінгі таңда өзекті болып отыр. Сонымен қатар, заманауи озық реакторларда қауіпсіздік талаптары белгіленгендіктен, жаңа буын реакторлары бірегей белсенді қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталған.

Сарапшылардың пікірінше, 2050 жылға қарай АЭС арқылы электр энергиясын өндіру екі есеге артады. Осыған байланысты, ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жаһандық мәселеге айналып отыр.

Осы орайда Ел Президенті Қазақстан халқына Жолдауында: «Бізге референдум арқылы маңызды стратегиялық мәселелер бойынша түпкілікті шешім қабылдау қажет. АЭС салу немесе салмау мәселесі еліміздің болашағы үшін өте маңызды. Сондықтан, бұл мәселені жалпыхалықтық референдум арқылы шешкен дұрыс деп есептеймін», – деді.

Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, Алматы қалалық Ардагерлер кеңесінің Төралқасы алматылықтарды алдағы референдумға белсене қатысуға және еліміздің болашағы үшін Қазақстанда атом электр станциясын салу жөніндегі осы тағдыршешті бастаманы қолдауға шақырады.

Алматы қалалық Ардагерлер кеңесінің Төралқасы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
2
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:24

18:52

18:51

17:10

16:47

16:20

15:58

15:43

15:40

15:39

15:09

14:48

14:25

13:43

13:30

13:11

12:55

12:23

12:09

11:45

11:11

10:45

10:27

10:25

10:22