AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Олжас Бектенов жаңадан тағайындалған Премьер-минис...

Олжас Бектенов жаңадан тағайындалған Премьер-министрдің орынбасары – көлік министрін таныстырды

Саясат Бүгін 20:00 46
Олжас Бектенов жаңадан тағайындалған Премьер-министрдің орынбасары – көлік министрін таныстырды
Сурет: primeminister.kz

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Мемлекет басшысының тиісті Жарлығымен Премьер-министрдің орынбасары – көлік министрі қызметіне тағайындалған Әсел Жанасованы министрлік ұжымына таныстырды.

Жиында Премьер-министр Нұрлан Сауранбаевқа еліміздің көлік саласын дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ Әсел Жанасованың мол еңбек тәжірибесі атап өтілді.

Әсел Жанасова әр жылдары «Зерде» холдингі және «Қазпошта» акционерлік қоғамын басқарған. Сонымен қатар сауда және интеграция вице-министрі, Президент кеңесшісі, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып қызмет атқарған.

Олжас Бектенов сала алдында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған ауқымды міндеттер тұрғанын атап өтті. 

«Президент келесі жылды ауқымды құрылыс жылы деп жариялады. Бұл көлік инфрақұрылымын дамыту саласын да қамтиды. Алдымызда тұрған міндеттер айқын. Еліміздің географиялық орналасуын ескере отырып, қолда бар әлеуетті барынша тиімді пайдалануымыз керек. Келер жылы көлік саласының барлық бағыты бойынша ірі жобаларды іске қосу жоспарланған. Сапалы әрі уақтылы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету қажет», — деп атап өтті Премьер-министр.

Көлік министрлігінің негізгі басым бағыттары қатарында жергілікті және республикалық маңызы бар автомобиль жолдары құрылысының жоғары сапасын қамтамасыз ету, жол бойындағы инфрақұрылымды дамыту, 2027 жылы автомобиль өткізу пункттерін реконструкциялауды аяқтау, сондай-ақ Қазақстанның Еуразиядағы негізгі көлік-логистикалық хаб ретіндегі позициясын нығайту міндеттері айқындалды. 

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #көлік #министр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазОжРҒЗИ «МҰРТТЫ ҚАРАША» акциясына қатысуға шақырады

Бүгін 19:03

Әсел Жанасова Көлік министрі болып тағайындалды

Бүгін 18:30

Алматыда таеквондодан Қазақстан чемпионаты өтеді

Бүгін 18:11

Ақтөбе облысында Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті

Бүгін 18:08

«Қазақтың Қыз Жібегі»: Алматыда Меруерт Өтекешованың 75 жас мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтеді

Бүгін 17:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);