AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматыда роботаксиді болашақта сынақтан өткізу үші...

Алматыда роботаксиді болашақта сынақтан өткізу үшін деректер жинала бастады

Білім және ғылым Бүгін 18:00 45
Алматыда роботаксиді болашақта сынақтан өткізу үшін деректер жинала бастады
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда арнайы жабдықталған Yandex Qazaqstan автокөліктері қаланың жоғары дәлдіктегі цифрлық картасын жасау үшін жолдар туралы деректер жинауға кірісті. Мұндай карта автономды көлікті сынақтан өткізудің келесі кезеңіне қажет.

Сапар барысында автокөліктер жол таңбаларын, бағдаршамдарды, жол белгілерін, қиылыстарды және жол инфрақұрылымының басқа да элементтерін тіркейді. Ол үшін камералар, лидарлар және өзге де сенсорлар пайдаланылады. Жиналған ақпарат негізінде Алматы көшелерінің егжей-тегжейлі цифрлық моделі жасалады.

«Біз үшін жасанды интеллекттің қалыптасқан салалар мен күнделікті өмірді өзгертетін нақты жұмыс істейтін технологияға айналуы маңызды. Автономды көлік — осындай өзгерістің ең айқын мысалдарының бірі. Біз автономды автокөліктерді нақты қалалық ортада сынақтан өткізу үшін қажетті нормативтік жағдайларды жасап қойдық. Келесі қадам — қажетті технологиялық инфрақұрылымды қалыптастыру. Алматының жоғары дәлдіктегі картасын жасау — осы жұмыстың бір бөлігі.
Біз жаңа технологиялардың Қазақстанда дамуына мүмкіндік бере отырып, оларды енгізудің басты шарты — адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз. Сондықтан автономды көлік кезең-кезеңімен, сынақтан өткізу, нақты жағдайларды талдау және реттеу тетіктерін жетілдіру арқылы енгізіледі», — деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.

Жоғары дәлдіктегі карта автономды автокөлікке өзінің қай жерде тұрғанын және жолдың нақты бір бөлігінің қалай ұйымдастырылғанын түсінуге көмектеседі. Қозғалыс кезінде жүйе айналадағы жағдайды нақты уақыт режимінде қосымша талдайды.

«Алматы — күрделі әрі алуан түрлі көлік инфрақұрылымы бар еліміздегі ең ірі мегаполис. Қала үшін жаңа технологиялардың мүмкіндіктерін зерттеп, оларды қауіпсіз енгізуге жағдай жасау маңызды. Автокөліктердің картографиялау жұмыстарына шығуы қалалық ортаның ерекшеліктерін бағалауға және жобаның келесі кезеңдеріне қажетті технологиялық негізді дайындауға мүмкіндік береді», — деді Алматы қаласы Цифрландыру басқармасының басшысы Сәбит Нұрқанат.

Қазіргі кезеңде автокөліктер тек қаланың жол желісі туралы деректер жинап жатыр. Олар әзірге жолаушыларды автономды режимде тасымалдамайды.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #роботакси #көлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Заң мен тәртіп»: Алматы жастары «Есірткісіз Қазақстан» акциясын қолдады

Бүгін 18:42

Алматылық спортшылар Азия ойындарында Қазақстан қоржынын жүлдемен толтыруда

Бүгін 18:38

Алматыда Бәшен Баймұратованың 100 жылдығына арналған кездесу өтті

Бүгін 18:30

«Заң мен тәртіп»: Алматы жастары «Есірткісіз Қазақстан» акциясын қолдады

Бүгін 18:01

Тоқаев Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);