конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Ғалымның сұр ЗИМ-і: Қаныш Сәтбаевтың көліктері тур...

Ғалымның сұр ЗИМ-і: Қаныш Сәтбаевтың көліктері туралы қызық деректер

Мұны білген жөн Бүгін 17:09 59
Ғалымның сұр ЗИМ-і: Қаныш Сәтбаевтың көліктері туралы қызық деректер
QAZ-Auto

, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қаныш Сәтбаевтың өмірі геологиялық экспедициялармен, ұзақ сапарлармен тығыз байланысты. Қазақ ғылымының негізін қалаған ғалым мыңдаған шақырымды көлікпен жүріп өткен. Тіпті кей сапарларда машинаның кабинасы оның жұмыс орны әрі демалатын жері болған.

Даладағы серігі – ГАЗ-АА

1930 жылдары Сәтбаев бастаған геологтар ГАЗ-АА жүк көлігін, ел арасында «полуторка» атанған машинаны кеңінен пайдаланған. Экспедицияға шыққанда оның кузовына құрал-жабдық, азық-түлік тиеліп, геологтар да сонда жайғасатын.

Аптап ыстық пен қақаған аязда мыңдаған шақырым жүруге тура келген. Кейін Сәтбаев басшылық қызметке келгенде геологтар мінетін жүк көліктерінің үстін жауып, ішіне жылытатын пеш орнатуға тапсырма бергені айтылады.

Жолсыз далаға – ГАЗ-69А

1950 жылдары геологтардың жағдайы біршама жақсарды. Сәтбаев Қазақстан геологтарының жаңа ГАЗ-69А жол талғамайтын көліктерін алғашқылардың бірі болып алуына ықпал еткен.

Толық жетекті, бес адамға арналған бұл машина шалғайдағы кен орындарына жетуге әлдеқайда қолайлы еді. Уақыт өте келе ГАЗ-69А геологтардың ең сенімді көліктерінің біріне айналды.

Неге Сәтбаевтың ЗИМ-і сұр түсті болды?

Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті ретінде Қаныш Сәтбаевқа қызметтік көлік берілген. Алдымен ол ГАЗ-М20 «Победа», кейін ГАЗ-М12 ЗИМ мінген.

Бір қызығы, сол кезеңдегі лауазымды тұлғалардың ЗИМ-і негізінен қара түсті болса, Сәтбаев сұр түсті көлікті таңдаған. Бұл ғалымның қарапайым болмысымен байланыстырылып жүр. Сұр ЗИМ оған 1964 жылға дейін қызмет еткен.

Ал алғашқы көліктердің бірі – Ford

Сәтбаев еңбек жолын бастаған 1920 жылдары Атбасар түсті металдар тресінің геологтары америкалық Ford көліктерін пайдаланған. Олар революцияға дейін Жезқазған кен орындарын игерген ағылшын кәсіпкерлерінен қалған техникалардың қатарында болған.

Қарапайым әрі төзімді Ford машиналары сол кездегі қазақ даласында геологтар үшін таптырмас көлік еді.

Осылайша, Қаныш Сәтбаев мінген машиналардың тарихы – жай ғана автомобильдер туралы әңгіме емес. Ford пен «полуторкадан» басталған жол кейін қазақ ғылымының тұңғыш академигінің сұр ЗИМ-іне дейін жалғасты.

Материал Tengri Auto және QAZ-Auto деректері негізінде әзірленді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қаныш Сәтбаев #көлік #тарих
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіз байқаушылардың ақпараттық штабы: дауыс беру ұйымдасқан әрі ашық өтті, заңбұзушылықтар тіркелген жоқ

Бүгін 18:21

Мемлекет басшысы халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесті

Бүгін 18:13

Тайқазанды қайтарған, Наурызды жаңғыртқан: Өзбекәлі Жәнібеков қазаққа не қалдырды?

Бүгін 17:35

Зейнетақы жинағын жеке компанияға аударғанда нені ескеру керек?

Бүгін 17:15

Ресейден келген халықаралық байқаушы Қазақстандағы сайлаудың ақпараттық сүйемелдеу жағы жоғары деңгейде болғанын айтты

Бүгін 16:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);