Жыр алыбына тағзым: Жамбыл рухы жаңғырған кеш
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті колледжінде Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған «Жыр алыбы – Жамбыл» атты әдеби-танымдық кеш өтіп, ақын мұрасы, ұлттық рух пен жас ұрпақтың әдебиетке құрметін арттыру мәселелері кеңінен насихатталды.