Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында жаңа маусым ашылмақ

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында жаңа маусым ашылмақ Cурет: Жамбыл атындағы филармония

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы 2024 жылғы 89-шы  жаңа маусымның ашылуына орай концерттік бағдарламалар тізімін ұсынады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

2024 жылдың 15 қыркүйек күні сағат 18:00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының үлкен залында жаңа маусымның ресми түрде ашылуы концерті өтетінін хабарлаймыз! Кеште филармонияның жетекші солистері өнер көрсетіп, тыңдарманға ұмытылмас музыкалық әсер сыйлайтын болады. Өнер көрсететін филармония солистері: Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің кавалері - Ғабит Несіпбаев (орган), ҚР еңбек сіңірген қайраткері, композитор - Гүлжан Өзенбаева (фортепиано), ҚР еңбек сіңірген қайраткері - Аида Аюпова (скрипка), ҚР Мәдениет қайраткері - Ержан Әлімбетов (домбыра), Мәдениет саласының үздігі - Мақпал Қазыбекқызы (дәстүрлі әнші), Мәдениет саласының үздігі - Гүлнара Құрамбаева (фортепиано), халықаралық байқаулардың лауреаттары – Еркебұлан Сапарбаев (скрипка), Динара Базарбаева – Сахаман (скрипка), Майа Сепп (фортепиано), Мұса Керімбаев (виолончель), Жанқожа Аяпов (дәстүрлі әнші), Біржан Бәзілжан (дәстүрлі әнші), Әділ Несіпбаев (орган, фортепиано), Ермек Құрманаев (виолончель).

Жаңа концерттік маусым шымылдығының ашылу кешіне  сіздерді де қуана шақырамыз! 

         2024 жылдың 21 қыркүйек күні сағат 18.00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік              академиялық филармониясының Үлкен залында «БАХ, его предшественники и современники»  Д.Букстехуде – И.С.Бах атты орган музыкалық концерттік маусымының ашылуы өтетінін  қуана хабарлаймыз!  Ашылу салтанатында орган аспабының шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері - Ғабит Несіпбаев өнер көрсетеді. Орган музыкасы - орган аспабымен орындалатын музыкалық жанр түрі. Аспаптың өзіне тән  ерекше дыбысын, белгілі композиторлар әртүрлі жанрларда, соның ішінде классикалық музыкада қолданады. Дәл осы кеште барокко дәуірінің ұлы композиторларының орган музыкалары орындалмақ. Жаңа маусымның ашылуы барокко дәуірінің екі ұлы композиторы - Дитрих Букстехуд пен Иоганн Себастьян Бахтың шығармашылығына арналады. Оның органға арналған виртуозды туындылары экспрессивті үйлесімділігімен ерекшеленеді.Орган музыкасының жаңа маусымындағы ашылу сәтінің қонағы болуға сізді де шақырамыз!   

         2024 жылдың 24 қыркүйек күні сағат 19:00-де «Open Spain» халықаралық байқауының лауреаты Мемлекеттік қарағайлы үрмелі аспаптар квинтетінің концерттік маусымының өтетіндігін хабарлаймыз. Биыл аталған квинтеттің 20 жылдық мерейтойы қоса тойланады. Концерттің көркемдік жетекшісі: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері - Жанат Ерманов. Кеш қонақтары Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Амир Тебинихин(фортепиано, Германия), Қырғыз Республикасының Халық әртісі - Эрнис Асаналиев(скрипка, Қырғызстан). Концерт бағдарламасында әлемдік музыка мәдениетінің алтын қорын құрайтын көрнекті к омпозиторлардың шығармалары орындалады. Жаңа маусымның ашылуында квинтеттің сүйікті тыңдармандарына арналған флейта, гобой, кларнет, фагот және валторна дыбыстарымен ерекше бағдарлама ұсынылады!

           2024 жылдың 25 қыркүйек  күні сағат 19.00-де  Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының Үлкен залында  ҚР Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрінің LXXXV маусымашар концерті өтетінін хабарлаймыз. Оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері - ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің кавалері Қанат Ахметов. Кештің басты қонағы Тайвань мемлекетінен арнайы келетін солист -  ИЕ ШУ ХАН (труба). Және де концерт қатысушылары - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері - Игорь Благодарный, Халықаралық байқаулардың лауреаты - Береке Еңкебаева.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі өзінің жаңа концерттік маусымының ашылғанын қуана хабарлайды. Классикалық шығармалардың шеберлігімен танымал ұжым өнер сүйер қауымға ерекше бағдарлама ұсынады. Оркестрдің көркемдік жетекшісі әрі дирижері Қанат Ахметовтың айтуынша, оркестрлік құрам әмбебап аспаптардың шеберлігін еліткен бағдарламада сыйдырып, сүйікті тыңдарманына ұсынуды асыға күтеді. Бүгінгі күні 30-ға тарта отандық композитор партитуралары Европа елдерінің баспаларында жарық көрді. Сонымен қатар, ҚР Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрінің компакт-дискілері Вена мен Тайваньда шығарылды. Сахна саңлақтарының әуезді әуеніне қанық болып, жаңа маусымдағы үрмелі аспаптармен даярланған концертке қуана сіздерді де шақырып, ақпараттық қолдау берулеріңізді сұраймыз. 

           2024 жылдың 27 қыркүйек күні сағат 19.00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының үлкен залында Т.Әбдірашев атындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің жаңа концерттік маусымының ашылуы өтеді.  Оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері - Қанат Омаров. Концертке Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы қатысады. Көркемдік жетекшісі және бас дирижері: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Бейімбет Демеуов.

 Концерттік бағдарламада музыка тарихындағы ең ұлы шығармалардың бірі – Людвиг ван Бетховеннің №9 симфониясы орындалады.  Шығарма- бостандық, бауырмалдық, қуаныш ұғымын тыңдарманға таза үнмен жеткізеді. Маэстро Қанат Омаровтың жетекшілігімен оркестр мен хор солистері, тыңдаушыларға өмірлік құндылықтарды сездіріп қана қоймай, барынша тақырыпты тарқата жеткізетіні сөзсіз. Музыкадан мән іздей білген қауым үшін оркестрдің әрбір өнері өміршең болып естіледі.

     2024 жылы 29 қыркүйек күні сағат 18.00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының Н.Тілендиев атындағы камералық залында Ғ. Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартетінің жаңа концерттік маусымының ашылуы өтеді. Көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Ернар Мыңтаев. Бағдарламада: Л.Бетховен – квартет №14 опус. 131, Д.Шостакович - квартет №12 опус. 133 Ә.Әбдінұров – «Дударай» шығармалары орындалады. Ішекті аспаптар квартетінің алғашқы құрамы 1988 жылы Алматы қаласының Ахмет Жұбанов атындағы музыка мектебінде құрылған болатын. Бүгінде шығармашылық ұжымда орындаушылардың төртінші буыны қызмет етуде. Ішекті квартеттің негізін салушы, ұжымның көркемдік жетекшісі, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты, шебер виолончелші - Ернар Мыңтаев. Мемлекеттік квартет Қазақстанның ең үздік камералық ансамбльдерінің бірі болып саналады. Оның жоғары орындаушылық деңгейі, виртуоздық техникасы, дыбыс сұлулығы, стильді тылсым сезінуі және биік ансамбльдік мәдениеті бірден назар аудартады. Ұзақ  жылдар бойы өз мәдениетімен танылған квартеттің тағы бір маусымашар концертіне қуана қонақ болуға шақырамыз!

         2024 жылдың қазан айының 1-ші жұлдызында сағат 19:00-де Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының жаңа маусымның ашылуына арналған концерті өтетіндігін хабарлаймыз! Республикаға еңбегі сіңген ұжым, Бүкілодақтық байқаудың лауреаты атанған Мемлекеттік хор капелласы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының құрамына 1935 жылы кірді. Яғни, дәл биыл хор капелласы 85 жылдық мерейтойын атап өтуде. Б. Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының репертуарында шетел классиктері мен еліміздің саңлақ композиторлары Б.Байқадамов, Е.Рахмадиев, Ғ.Жұбанова, М.Сағатов, С.Мұхамеджанов, Ж.Тұрсынбаевтың шығармалары берік орын алған. Осындай шығармашылық-көркемдік әлеуеті биік капелла ұжымы Қазақстанда ғана емес, шетел сахналарында да өнер көрсетіп келеді.

     Кеште Қазақстанның халық әртісі иегерлері - Роза Рымбаева, Айгүл Үлкенбаева, Рамазан Стамғазиев қонақ болып, өз өнерін көрсететін болады. Бағдарламада қазақ және шетел композиторларының шығармалары орындалады. Мемлекеттік хор капелланың керемет кешіне куә болып, ақпараттық қолдау берулеріңізді сұраймыз!

 

 

 

    

 

 

  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
1
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:12

19:46

19:16

18:49

18:24

18:15

17:50

17:35

17:13

17:06

16:54

16:50

16:41

16:37

16:07

15:58

15:41

15:37

15:30

15:28

15:19

15:06

14:42

13:15

12:47