Тазару күні әскерилер гарнизондарда экологиялық бастамалар өткізді
Наурызнаманың соңғы күні – «Тазару күні» аясында Шымкент және Жетісу гарнизондарындағы әскери қызметшілер ағаш отырғызып, аумақтарды тазалау мен абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Экологиялық акциялар қоршаған ортаны қорғау идеясын насихаттап, әскери ұжымдардағы бірлік пен патриоттық рухты нығайтты.