Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Қазақстандық әскерилер бейбітшілік пен қауіпсіздік...

Қазақстандық әскерилер бейбітшілік пен қауіпсіздік курсынан өтті

Саясат 13.04.2023, 20:00 2,352
Қазақстандық әскерилер бейбітшілік пен қауіпсіздік курсынан өтті
Сурет: Ашық дереккөз

Курстың ашылу салтанатына «БҰҰ – Әйелдер» өкілі Мария Доценко қатысты


Алматыда ҚР ҚМ Бітімгерлік операциялар орталығы Ұлыбританияның Қазақстан Республикасындағы Елшілігімен бірлесіп, «Адам қауіпсіздігі және гендерлік мәселелер жөніндегі кеңесші» курсын өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Курсқа Қарулы Күштердің, Ұлттық ұланның, сондай-ақ Орталық Азия өңірінің басқа да күштік ведомстволарының өкілдері жиналды. Курстың ашылу салтанатына «БҰҰ – Әйелдер» өкілі Мария Доценко қатысты. Сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы Ұлыбританияның әскери атташесі, подполковник Роб Бакстер мен «Қорғау-Астана» жеке қорының басшысы Анна Рыль дәріс оқыды.


Іс-шара барысында ҚР ҚМ Бітімгерлік операциялар орталығы бітімгерлік дайындық басқармасының офицер-оқытушылары сабақ жүргізді. Курстың мақсаты БҰҰ-ның «Әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік» қарарының нормаларын зерттейтін және қолданатын мамандарды даярлау, қатысушыларды азаматтық халықты қорғау құқығымен және тұжырымдамасымен таныстыру болды.


Оқу аптасының негізгі бөлігі тыңдаушыларды тиісті басшылық құжаттармен, атап айтқанда, БҰҰ-ның бейбітшілікті қолдау операцияларындағы халықтың осал топтарын қорғау тұжырымдамасы мен стратегиясымен, әскери шешім қабылдау процесінде адам қауіпсіздігі және гендерлік мәселелер жөніндегі кеңесшінің рөлімен таныстыруға бағытталды. Қарулы қақтығыс жағдайында балаларды қорғау, Үкіметтік емес ұйымдармен және БҰҰ-ның аймақтық кеңселерімен үйлестіру жұмыстарына ерекше назар аударылды.


Курс соңында қатысушыларға бұрын зерттелген модельдер негізінде адам қауіпсіздігі және гендерлік аспектілер жөніндегі кеңесшінің көзқарасы бойынша жедел жағдайды талдауға арналған баяндама дайындауға уақыт берілді. Курс сұрақ-жауап сессиясы түріндегі қорытындылармен аяқталып, шолуларға қысқаша талдау жасалды. Шараның жабылу салтанатында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әскерилер #Бейбітшілік #курс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика