Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Қазақ әскерилері Үндістандағы бірлескен оқу-жаттығ...

Қазақ әскерилері Үндістандағы бірлескен оқу-жаттығуға қатысты

Саясат 10.01.2023, 13:24 1,965
Қазақ әскерилері Үндістандағы бірлескен оқу-жаттығуға қатысты
Сурет: Министрлік

Екі апта бойы қатысушылар күрделі, бейтаныс жерде ұрыс қимылдарының әртүрлі элементтерін пысықтады


Үндістанда "КазИнд" қазақстандық-үнділік кезекті бірлескен оқу-жаттығуы өтті. Оған Қазақстан Қарулы Күштерінен "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Қазақстан мен Үндістанның қорғаныс министрліктері арасындағы екіжақты ынтымақтастық жоспарын іске асыру шеңберінде өткізілген оқу-жаттығу барысында екі біріккен аралас рота құрылды.


Екі апта бойы қатысушылар күрделі, бейтаныс жерде ұрыс қимылдарының әртүрлі элементтерін пысықтады.


Оқу-жаттығу барысында инженерлік-саперлік даярлық бойынша сабақтар өтті. Онда әскери қызметшілер қолдан жасалған жарылғыш құрылғылардың, тұзақтардың және басқа да жарылғыш заттардың үлгілерімен танысты. Сондай-ақ, қабылдаушы тарап патрульдеуді ұйымдастыру бойынша демонстрациялық сабақ ұйымдастырды.


Нақты табиғи және климаттық жағдайларда бағдарлау және өмір сүру ережелеріне ерекше назар аударылды. Ал негізгі кезең барысында әскери қызметшілер Джунгли жағдайында оқу-жауынгерлік міндеттерді орындады. Фал бойынша тікұшақтан қонғаннан кейін жауынгерлер қару-жарақпен жұмыс істеді.


Сонымен қатар, оқу-жаттығу шеңберінде салмағы 10 келілік қару-жарақпен және құрал-жабдықтармен 6 шақырым қашықтықты еңсеру бойынша төзімділік жарыстары ұйымдастырылды. Мәреге бірінші болып Гвардейск гарнизоны танкистер құрамасының взвод сержанты Алдияр Мұхамадиев келді.


Қазақстандық тарап өкілдері атап өткендей, "КазИнд-2022" бірлескен оқу-жаттығуына қатысу әскери қызметшілерге Үндістаннан келген әріптестерінің жауынгерлік даярлық әдістемесімен танысуға, өздерінің жауынгерлік дағдыларын арттыруға және мүлдем бейтаныс жерлерде кәсіби шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік берді.


Айта кету керек, "КазИнд" қазақстандық-үнділік оқу-жаттығуы төртінші рет өтті. Мұндай оқу-жаттығу алғаш рет 2018 жылы Жамбыл облысының "Мәтібұлақ" полигонында өткен болатын. Одан кейін 2019 жылы Үндістанның Уттаракханд штатында, ал 2021 жылы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының "Айша-бибі" полигонында бірлескен маневрлер өткізілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әскерилер #Үндістан #жаттығу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика