Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Қанатымен су сепкен қарлығаштай...

Қанатымен су сепкен қарлығаштай...

Оқиға 14.06.2023, 05:15 1,047
Қанатымен су сепкен қарлығаштай...
www.gov.kz

Қорғаныс министрлігінің ұшқыштары жанып жатқан орман алқабына 3500 тоннадан астам су төкті












Қарулы күштердің әскери қызметшілері Абай облысында болып жатқан өртпен күресуді белсенді жалғастырып келеді. Армиялық авиацияның ұшқыштары маусымның 8 мен 13 аралығында жанып жатқан өртке 3500 тоннадан аса су төкті. Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, Қарулы күштердің 600 әскери қызметшісі мен 50 бірлік техника Шүлбі, Талица, Озерки, Жерновка және Барышевка учаскелеріндегі тілсіз жаумен күреске тартылған.


Жағдайды әуеден бақылау үшін үш ұшқышсыз ұшу аппараты қолданылуда.
Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіруші есептоптары мен «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының бөлімшелеріне армиялық авиация әуеден қолдау көрсетуде. Іс-қимылын «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы жедел штабының 12 әскери қызметшісі үйлестіріп отыратын 3 арнайы топ жұмыс істеуде.



– Қолданыстағы нормаға сәйкес әр экипаждың ауысымы төрт сағатқа созылады. Осы уақыт ішінде тікұшақтар 30-35 рет су төгеді. Бұл орта есеппен 100 тонна су, – деген статистиканы келтіреді 30131 әскери бөлімі командирінің орынбасары подполковник Руслан Юмашев.
69 адамнан тұратын 23 ұшу экипажы нақты және үйлесімді әрекет етуде. Мәселен тікұшақтан жеке дара су төгу әдетте тиімсіз. Бұл бір ошаққа үш тонна ғана су деген сөз. Егер алты тікұшақпен ұшса бір мақсатта жұмыс істейді. Кейде 40 секундта бір жерге 30 тонна су төгуге болады.
Ұшқыштардан кейін ТЖМ-нің жердегі өрт сөндіруші есептоптары жалынды ауыздықтауда. Олардың соңын ала Абай гарнизонының әскери қызметшілері іске кіріседі. Әскерилер жанып жатқан ағаштарды құлатып, бықсыған отты өшіріп жатыр.
Жұмыс күндіз-түні тоқтамай жүруде.


Сондай-ақ әскери қызметшілердің дер кезінде тамақтануы мен демалып күш жинауына уақыт бөлінген.


Ауқымды апат аймағында қарулы күштердің барлық бөлімшелерінің іс-қимылын үйлестіруді Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов жүзеге асыруда. Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел штабымен, жергілікті әкімшілікпен бірлесіп, ол өртке қарсы іс-шараларға қатысатын жеке құрамның міндеттерін айқындауда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #қорғаныс #Әскерилер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика