AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда әскерилердің тамақтану нормасы қайта қ...

Қазақстанда әскерилердің тамақтану нормасы қайта қаралады

Әлеумет 05.05.2025, 15:30 638 dulatbekova
Қазақстанда әскерилердің тамақтану нормасы қайта қаралады
Сурет: ҚР Ұлттық ұлан

Қазақстанда әскери қызметкерлердің азық-түлік пайкасының құны қайта қаралады

Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген ресми жауабында мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Оның айтуынша, қазіргі таңда бұл мәселе Қорғаныс министрлігі жанынан құрылған арнайы жұмыс тобының қарауында тұр. Топ құрамына Қаржы министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік күзет қызметі және "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері енген.

Жұмыс тобы 2023–2024 жылдардағы статистикалық мәліметтерді ескере отырып, азық-түлік пайкасының қазіргі құнын қайта есептеп жатыр. Сонымен қатар, пайканы есептеу әдістемесін жетілдіру бойынша бірыңғай ұстанымдарды әзірлеу де күн тәртібінде тұр. «Оның ішінде әскердің өз-өзін азық-түлікпен қамтамасыз етуге көшу мүмкіндігі де қарастырылып жатыр», – делінген премьер-министрдің жауабында.

Бұдан бөлек, азық-түлік құнының инфляция мен нарықтағы баға өзгерістеріне сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында тұрақты түрде түзетіп отыру тетігі енгізілуі мүмкін. Бұл ретте, азық-түлік сапасы мен жеткізілу барысын қоғамдық ұйымдардың тарапынан бақылау тетіктері де қарастырылып жатқаны атап өтілді.

Айта кетейік, бұған дейін бір сарбазды тәулігіне тамақтандыруға 2 225 теңге бөлінетіні хабарланған болатын. Бұл көрсеткіш қазіргі экономикалық жағдай мен нарықтағы баға өсімі аясында қайта қаралуы әскердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды қадам болмақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Әскерилер #тамақтану нормасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);