AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Ұйқысыздықтың да пайдасы бар

Ұйқысыздықтың да пайдасы бар

Керек кеңес 29.05.2025, 14:24 943 Әспет Дулатбекова
Ұйқысыздықтың да пайдасы бар
Сурет: medlux.net.ua

Көпшілігіміз ұйқысыздық тек зиян деп ойлаймыз. Алайда кей жағдайда оның пайдалы жағы да болуы мүмкін.

Ұйқысыздықтың ағзаға тигізетін кері әсері жиі айтылып жүр. Бірақ соңғы зерттеулер мен сарапшылардың пікірінше, бір түн ұйықтамаудың да оң әсері болуы мүмкін.

Британдық дәрігер әрі Sleepyhead клиникасының негізін қалаушы Стефани Ромишевски Infobae басылымына берген сұхбатында ұйқының жетіспеушілігіне қатысты тың пікір білдірді. Оның айтуынша, бір түн ұйықтамау дофамин деңгейінің уақытша көтерілуіне себеп болады. Бұл – адамның қуаттанып, көңіл-күйінің жақсаруына, зейіннің артуына және шығармашылық ойлау қабілетінің белсенуіне әсер етеді.

«Кейде әдейі ұйықтатпау әдісі депрессияны емдеу кезінде қолданылады. Себебі бұл көңіл-күйді жақсартып, адамға уақытша сергектік береді», – дейді дәрігер.

Дегенмен Стефани Ромишевски бұл әдісті ұзақ мерзімді стратегия ретінде қолдануға болмайтынын ескертеді. Бұл – тек бір реттік психологиялық көмек құралы ғана.

Ал сомнолог Кейтлин Чейссер  ұйқының маңыздылығын алға тартады. Ол түнгі демалыстың жетіспеуі терінің жағдайына кері әсер етіп, безеудің пайда болуына себеп болатынын айтады.

Ұйқысыздықтың зияны туралы көп айтылғанымен, кейбір ерекше жағдайларда оның белгілі бір пайдасы болуы мүмкін. Дегенмен, бұл – тұрақты тәжірибе емес, тек уақытша жағдай ретінде қарастырылуы тиіс. Ұйқы – адамның физикалық және психикалық саулығы үшін өте маңызды.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ұйқысыздық #ұйқы #пайдасы #қызық дерек #сомнолог
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Қазақстан халқының Бірлігі күніне орай гастрономиялық жәрмеңке ұйымдастырылды

Бүгін 18:18

Эндокринолог денсаулыққа зиян тіскебасар түрін атады

Бүгін 17:27

Мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Бүгін 16:25

Қонақжайлықтың жарқын көрінісі: Алматы әуежайында Бірлік күніне арналған акция өтті

Бүгін 15:03

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

Бүгін 14:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика