AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда Механик-ғалымдар мен инженерлердің дүниеж...

Алматыда Механик-ғалымдар мен инженерлердің дүниежүзілік конгресі WCMSE-2026 ашылуы өтті

Алматы Бүгін 19:47 81
Алматыда Механик-ғалымдар мен инженерлердің дүниежүзілік конгресі WCMSE-2026 ашылуы өтті

Алматыда Механик-ғалымдар мен инженерлердің дүниежүзілік конгресі WCMSE-2026 ашылуы өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Механик-ғалымдар мен инженерлердің дүниежүзілік конгресін WCMSE-2026 өткізу Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген басымдықтарды іске асыру жолындағы нақты қадамдардың бірі болды. Конгресс бағдарламасы өнеркәсіпті технологиялық жаңғырту, жасанды интеллектіні енгізу және ғылымның экономиканың нақты секторымен байланысын нығайту міндеттерін шешуге бағытталған.

2026 жылғы 3 қарашада Алматыдағы «Ғылым ордасының» Үлкен залында Конгрестің салтанатты ашылуы өтті. 3–5 қараша аралығында өтетін Конгресс әлемнің 18 елінен 500-ден астам ғалымды, инженерді және өнеркәсіп өкілін біріктірді. Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі қатысты.

Конгресс Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының 80 жылдығына, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының 35 жылдығына және машиналар мен механизмдер механикасы ғылыми мектебі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының негізін қалаушы, академик Өмірбек Жолдасбековтің туғанына 95 жыл толуына арналған.

Ұйымдастырушылар қатарында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы, Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы, Ғылым комитетінің Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті және Халықаралық инженерлік-технологиялық университет бар.

Пленарлық отырыста іргелі және қолданбалы механиканы, робототехника мен жасанды интеллектіні дамыту, модельдеу және машиналық оқыту әдістерін қолдану, инженерлік кадрлар даярлау және ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу мәселелері қаралды. Сондай-ақ ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижелері негізінде дайындалған «Ғылыми мұра» сериясының төрт монографиясы таныстырылды.

Конгрестің алғашқы күнінде 100-ден астам экспонатты қамтыған Ғылым, техника және технология жетістіктерінің көрмесі және «Ғылым және индустрия: Қазақстан кәсіпорындарына арналған механика, робототехника және технологиялық шешімдер» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті. Қазақстандық және қытайлық серіктестердің өнеркәсіптік өндіріске арналған бірлескен әзірлемелері ұсынылды.

Маңызды оқиғалардың бірі «Даму» индустриялық аймағында Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институты жанындағы Машиналарды, роботтарды және автоматтандыру құралдарын прототиптеу жөніндегі Қазақстан–Қытай орталығының ашылуы болды. Орталықтың құрылуы жоғары технологиялы өндірістерді дамытуға және халықаралық ғылыми-технологиялық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған мемлекеттік саясатқа сай келеді. Оның қызметі отандық инженерлік құзыреттерді нығайтуға және ғылыми әзірлемелерді өнеркәсіпте қолдануға дайындауға бағытталған.

4 қарашада «Ғылым ордасы» мен Алматы қаласының жоғары оқу орындарында алты халықаралық ғылыми конференция өтеді. Олардың тақырыптары геомеханика мен геотехниканы, сұйықтықтар мен газдар механикасын, машиналар мен механизмдер механикасын, робототехника мен мехатрониканы, кері есептер мен математикалық модельдеуді, ғарыштық технологиялар мен инженерлік білім беруді қамтиды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#конгресс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

30 жылда 30 мың сәби: Репродуктивті медицинаның белесі

Бүгін 19:50

Алматыда Қазақстан–Қытай прототиптеу орталығы ашылды

Бүгін 19:42

Құрылтай депутаттары Қарағанды облысының тұрғындарына Президент Жолдауының басым бағыттарын түсіндірді

Бүгін 17:53

Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды

Бүгін 17:48

Алматыда SI Film Lab | Freedom 250 жобасы басталады

Бүгін 17:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);