AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Жолдау / Құрылтай депутаттары Қарағанды облысының тұрғындар...

Құрылтай депутаттары Қарағанды облысының тұрғындарына Президент Жолдауының басым бағыттарын түсіндірді

Жолдау Бүгін 17:53 52
Құрылтай депутаттары Қарағанды облысының тұрғындарына Президент Жолдауының басым бағыттарын түсіндірді
Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі

Депутаттардың өңірге жұмыс сапары облыс активімен кездесуден басталды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қарағанды облысында Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын жүзеге асыруға бағытталған нақты шаралар айқындалады. Құжаттың негізгі басымдықтарын түсіндіріп, оны іске асыру жолдарын талқылау үшін өңірге Құрылтай депутаттары Асхат Аймағамбетов, Вадим Басин, Үнзила Шапақ, Александр Данилов және Айсұлу Сүлейменова келді. Олар облыс тұрғындарымен, соның ішінде өндіріс жұмысшыларымен және жастармен кездесіп жатыр.

Депутаттардың өңірге жұмыс сапары облыс активімен кездесуден басталды. Жиынға Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері мен орталық мемлекеттік органдардың өкілдері де қатысты. Кездесуде Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мәселелері талқыланып, Қарағанды индустриялық өңірінің дамуына тікелей қатысты басым бағыттарға айрықша назар аударылды. Атап айтқанда, өнеркәсіпті жаңғырту, энергетика мен инфрақұрылымды дамыту, инвестиция тарту, цифрлық технологияларды енгізу және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері қаралды.

Құрылтайдың Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов әлеуметтік саясатты жаңарту және көмекке мұқтаж азаматтарды атаулы қолдау мәселелеріне тоқталды.

– Бұл – жаңа Конституция қабылданғаннан кейінгі Мемлекет басшысының алғашқы Жолдауы. Құжаттың басты ерекшелігі – әр адам өзіне тікелей қатысты маңызды мәселелердің жауабын таба алады. Мәселен, мұғалім үшін өз құқығының қорғалуы, педагогтерге түсетін артық жүктеменің азайтылуы маңызды болса, дәрігерлер еңбекақының өсуі мен медицина саласының дамуына назар аударады. Ал кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер, мемлекеттік басқару мен салық жүйесіндегі өзгерістер маңызды. Құрылтай Президент Жолдауын жүзеге асыруға бағытталған бірнеше заң жобасын әзірлеп қойды, – деді депутат.

Жиында «Халықтық құрылыс» бастамасы да жеке талқыланды. Оны жүзеге асыру үшін 2029 жылдың соңына дейін шамамен 6,5 трлн теңге бағыттау жоспарланып отыр. Бұл жергілікті кәсіпорындардың әлеуетін арттырып, өңірде жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Айсұлу Сүлейменованың айтуынша, депутаттар тұрғындармен кездесуде жастарға да ерекше назар аудармақ. Оларға белсенділік танытып, алдына нақты мақсат қоя білу, сапалы білім алу қажеттігін жеткізуді көздейді. Өйткені елдің өркендеуіне әр азаматтың қосқан үлесі маңызды.

Кездесуде айтылған ұсыныстар Жолдауды жүзеге асыру жөніндегі облыстық бірыңғай жоспарға енгізіледі. Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев әр міндеттің орындалу мерзімі мен нәтижесіне жауапты тұлғалар нақты көрсетілген жоспар әзірлеуді тапсырды.

Басым міндеттердің қатарында жаңа өндіріс орындарын іске қосу, инвестиция тарту, экономика мен ауыл шаруашылығын цифрландыру, жасанды интеллект технологияларын енгізу және елді мекендерді абаттандыру бар. Сонымен қатар Қарағанды, Теміртау және Балқаш қалаларының цифрлық егіздерін жасап, әрқайсысын дамытудың нақты жоспарларын әзірлеу міндеті қойылды.

– Жұмысымыздың басты өлшемі өткізілген жиындар мен әзірленген құжаттардың саны емес, ел өміріндегі нақты өзгерістер болуы керек. Бұл – тұрақты жұмыс істейтін кәсіпорындар, сенімді инфрақұрылым, сапалы жұмыс орындары және халыққа қолжетімді қызметтер, – деп атап өтті өңір басшысы.

Бүгін Құрылтай депутаттары Қарағандыдағы кәсіпорындар мен жоғары оқу орындарын аралап, Теміртау және Саран қалаларына да барады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды

Бүгін 17:48

Алматыда SI Film Lab | Freedom 250 жобасы басталады

Бүгін 17:27

Алматыда сарапшылар Президент Жолдауының негізгі бағыттарын талқылады

Бүгін 16:31

ЕЭК Кеңесі экспортталатын тауарлардың шығуы мен электротехникалық өнімдерді таңбалау бойынша шешімдер қабылдады

Бүгін 16:30

Алматыдағы Наталия Сац атындағы театр ауқымды қайта жаңғыртудан кейін көрермендерге есігін қайта ашады

Бүгін 16:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);