AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Томас Тухель 2025 жылы Англия құрамасына бас бапке...

Томас Тухель 2025 жылы Англия құрамасына бас бапкер болады

Спорт 17.10.2024, 19:15 1,440
Томас Тухель 2025 жылы Англия құрамасына бас бапкер болады
© Andrew Redington / Staff / Getty Images Sport / Gettyimages.ru

Неміс маманы Томас Тухель футболдан Англия құрамасының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды aqshamnews.kz Англия футбол қауымдастығына сілтеме жасап.

Ол жұмысына 2025 жылдың қаңтарынан бастап кіріседі. Келісімшарт мерзімі 2026 жылдың шілдесіне дейін.

«Чемпиондар лигасының жеңімпазы Томас Тухель Англия құрамасының бас бапкері болып тағайындалғанына қуаныштымыз. Оған өзге бапкер Энтони Барри көмектеседі. Бұл қос бапкермен жұмыс істесу туралы шешім өткен аптаның басында қабылданған. Ал, Тухель келісімшартқа 8 қазанда қол қойды. Күні кеше аяқталған халықаралық циклге кедергі келтірмеу үшін біз бас бапкердің ауысатыны туралы ресми жариялаған жоқпыз», - делінген Англия футбол қауымдастығы таратқан ақпаратта.

Mirror басылымының жазуынша, Тухельдің жалақысы жылына 5 млн фунтты құрайтын болады. Құрама команданы бұған дейін жаттықтырған Гарет Саутгейт болса жылына 2,5 млн фунт жалақы алып келген еді. Ол Еуропа чемпионатының финалындағы сәтсіздіктен кейін отставкаға кетті.

Қазір бас бапкердің міндетін атқарып жатқан Ли Карсли жыл соңына дейін осы қызметті атқаратын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #футбол #Томас Тухель
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Зауыттар мен вокзалдар және білім беру инфрақұрылымы: өткен аптада өңірлерде қандай нысандар ашылды

Бүгін 08:15

Алматыда жауын-шашынға байланысты коммуналдық қызметтің кезекшілігі күшейтіледі

Кеше 18:11

Алматының әкімі қаланың көше-жол желісін кеңейту жобаларымен танысты

Кеше 18:08

Бүгін Алматының бір метро станциясы жабылады

Кеше 16:30

«Гулливердің» Ұлттық ұланға саяхаты: Шымкентте 47 өлшемді аяқ киім киетін сарбаз қызмет етеді.

Кеше 16:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);