Алматы метрополитенінің мәліметінше, мұндай шара Орталық стадионда өтетін концертке байланысты қабылданды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
«Байқоңыр» станциясына сағат 20:30-дан 22:00-ге дейін кіріп-шығу үшін уақытша жабылады.
4 қазан күні кешке Алматы метросы күшейтілген режимде жұмыс істейді.
«20:30-дан 22:00-ге дейін станция жолаушылар үшін кіріп-шығуға жабық болады. Осы уақыт аралығында пойыздар «Байқоңыр» станциясына тоқтамай, өтіп кетеді. 22:00-ден кейін станция қайтадан жолаушыларды қабылдап, метро жабылғанға дейін жұмысын жалғастырады. Қала тұрғындарынан сапарларын жоспарлау кезінде осы өзгерістерді алдын ала ескеруді сұрайды», – делінген ақпаратта.
Бүгін Орталық стадионда Қайрат Нұртастың шығармашылық қызметінің 20 жылдығына арналған «Сахнада 20 жыл» атты мерейтойлық концерті өтеді. Концерт сағат 19:00-де басталады.